2026–2027 оқу жылының басталуымен Қазақстан мектептерінде діни киім киюге бола ма деген мәселе қайтадан өзекті болып отыр.
2026–2027 оқу жылының басталуымен Қазақстан мектептерінде діни киім киюге бола ма деген мәселе қайтадан өзекті болып отыр.
Қазақстанда міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен белгіленген. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес болуы тиіс. Ал оның құрамына түрлі конфессияларға діни тиесілілікті білдіретін киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.
Бұл талаптар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарына қолданылады. Сонымен қатар ата-аналар мектепте белгіленген киім үлгісінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл ретте әңгіме діни наным-сенімдерге тыйым салу туралы емес, білім беру процесі мен мектеп формасына қойылатын талаптар туралы болып отыр. Мектептің зайырлы сипаты барлық оқушылар үшін ортақ және бірдей ережелердің сақталуын білдіреді.