🕊️Алматыда Рухани келісім күніне арналған Республикалық форум өтті.
Caspian University-де өткен маңызды жиында қоғам мен мемлекеттің, дін мен ғылымның өкілдері заманауи сын-қатерлер жағдайында рухани құндылықтардың рөлін талқылады.
Форум жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, діни бірлестіктердің жетекшілері, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Басты тақырып - «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен бейбітшіліктің негізі».
Панельдік сессиялар барысында рухани және адамгершілік құндылықтардың жастар санасындағы маңызы, жасанды интеллект дәуіріндегі этика және мемлекет пен дін ынтымақтастығы сөз болды.