Алматыда отбасылық спартакиада өтті

Жарияланған күні: 30 қыркүйек 2025

20 қыркүйек 2025 жылы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Social Development Center» қорының ұйымдастыруымен «Arman Dala Resort» демалыс аймағында әртүрлі діни бірлестіктерден құралған 8 отбасы қатысқан спартакиада өтті.
Спартакиадаға ислам діні, вон буддизм, пятидесятниктер, евангельдік христиан-баптистер, саентологтар және өзге де конфессия өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – конфессияаралық татулық пен толеранттылықты нығайту.
Қатысушылар ашық ауада командалық ойындар мен спорттық сайыстарға қатысып, мәдени-танымдық және ойын-сауық бағдарламаларға қосылды. Іс-шара Алматы қаласының күніне орай ұйымдастырылды.