Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 8 сәуірден бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Алматы қаласы Цифрландыру басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 20 сәуірден 24 мамырға дейінгі кезеңде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылғы 13 сәуірге дейін 1522 ішкі нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимдікке кепілдік беріледі.