#денсаулықсақтау

Балалар үшін аса қауіпті аурудың белгілерін алматылық педиатр айтты
Балалар үшін аса қауіпті аурудың белгілерін алматылық педиатр айтты

Алматы қаласы №4 ҚЕ 2 педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты педиатр дәрігер Минура Иманбаева аса қауіпті ауру - қызылшаның алғашқы белгілері туралы айтты.

Оның айтуынша, бұл мойында, құлақ артында, содан кейін дененің басқа бөліктерінде пйда болатын спецификалық бөртпе. Педиатр дәрігер атап көрсеткендей, қызылша - тез таралатын қауіпті вирусты инфекциялық ауру. Көптеген адамдарда иммунитет жоқ ортада бір науқас 12-18 адамға жұқтыруы мүмкін. Екпе алмаған адамдардың вирусты қабылдауға бейімділігі аса жоғары, 100%. Қызылша ауа-тамшы жолы арқылы беріледі. Науқаста аурудың белгісі болып саналатын бөртпе пайда болғанға дейін ауру жұғуы мүмкін.

Минура Иманбаеваның айтуынша, ауру жұқтырған соң аурудың жасырын кезеңі 8 күннен 3 аптаға дейін созылады. Негізінен вирус мұрын, ішек және асқазанның шырышты қабатын, жүйке клеткаларын зақымдайды. "Қызылшаның алғашқы белгісі әлсіздік, сырқаттылық болып табылады. Баланың дене қызуы көтеріліп, ЖРА (жедел респираторлық ауру - ред.ескертуі) белгілері пайда болады, аурудың 4-5 күндері жағдайы нашарлайды, жөтел күшейеді, мұрын бітуі, конъюнктивит, спецификалық бөртпе пайда болады. Терідегі бозғылт-қызыл бөртпе біртіндеп ашық қызыл түске айналады. Бөртпе мойында, құлақ артында, содан кейін бетте, кеудеде, іште, арқасында пайда болады, үшінші күні аяқ-қолына шығады. Біртіндеп бөртпе қоңырланады, пигментация 1-3 аптаға дейін тұрады. Жалпы жағдайы жақсарады, дене қызуы түсіп, жөтел, мұрын бітуі басылады",- деп түсіндірді дәрігер.

Қызылша вирусы иммунитетті біршама төмендетеді, сондықтан асқынулар болуы мүмкін, оның ішінде пневмония, бронхит, отит, есту жүйкесінің невриті. Кейбір адамдарда қызылша пневмония мен мидың ісігін тудырады, бұл ми бұзылысына немесе есту қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. "Қызылшаның арнайы емі жоқ, тек оның симптомдарын жеңілдете аласыз. Ауру белгілерін жою үшін ыстық түсіретін, аллергияға қарсы дәрілер тағайындайды. Асқынулар болған кезде - антибиотиктер. Балаға төсектік режим қажет",- деп қосты Минура Иманбаевна.

Сонымен қатар, дәрігер бөлмені жиі желдетуге, балаға жайлы көлеңке болу үшін (конъюнктивит кезінде жарықтан сақтау) терезені пердемен жабуға кеңес береді. Бұдан басқа, науқасқа жиі сусын ішкізіп, сұйық және жартылай сұйық тағамдармен тамақтандыру керек.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, екпеден бас тарту адамзатқа аса қауіпті он қатердің бірі болып табылады. Қызылшаға қарсы дәрі-дәрмек жоқ, бірақ вакцина бар, ол аурудан сақтайды және міндетті егу күнтізбесіне кіреді",- деп атап көрсетті педитар дәрігер.

Новости
Дата публикации: 24.02.2023
Алматы онкологиялық орталығында 20 мыңға жуық науқас емделген
Алматы онкологиялық орталығында 20 мыңға жуық науқас емделген

2022 жылы науқастарға 70 000-нан астам клиникалық диагностикалық зерттеу жүргізілді

Алматы онкологиялық орталығында 20 мыңға жуық науқас емделгенФото: Алматы онкологиялық орталы

2022 жылы Алматы онкологиялық орталығында (АОО) 19 914 онкологиялық науқас емделді. 5 жыл ішінде ем қабылдағандардың өсу динамикасы 62,6 %-ды құрады (2018 жылы 12 248 науқас емделген).

Өткен жылы АОО хирургиялық бөлімшеcінде 2,5 мыңнан астам хирургиялық ота жасалды. Операциялардың 50%-ға дерлігі шағын инвазивті әдіспен жүзеге асырылды.

Хирургиялық науқастарды жеделдетіп сауықтыру бағдарламасы енгізіліп, белсенді түрде қолданылып келеді, бұл стационарда жату ұзақтығын қысқартып, операциядан кейін науқастың сауығу үдерісін жылдамдатады.

Бүгінгі күні онкологиялық орталықта химиотерапияның 50-ге жуық түрі, 40-тан астам мақсатты және гормондық препарат қолданылады, соның арқасында 2022 жылы 16 427 онкологиялық науқас химиотерапиялық ем алды.

АОО-да онкологиялық науқастарды емдеу кезінде сәулелік терапия белсенді қолданылады. Мәселен, 2022 жылы радиология бөлімшесінде 1084 онкологиялық науқасқа 18 890 сәулелік терапия сеансы жүргізілді.

AOО бүгінгі таңда заманауи диагностикалық жабдықтардың кең спектрін пайдаланады және диагностикалық мүмкіндіктерді үнемі жаңартып, жетілдіріп отырады.

2022 жылы қатерлі ісікке күдікті және онкологиялық науқастарға КТ, МРТ, ультрадыбыстық, эндоскопиялық, цитологиялық, иммуногистохимиялық зерттеу сияқты 70 000-нан астам клиникалық диагностикалық зерттеу жүргізілді.

«AOО-да күзетші лимфа түйінінің биопсиясы немесе Sentinel Lymph Node Biopsy (SLNB) сияқты қатерлі ісіктің таралуын анықтауға мүмкіндік беретін, яғни алғашқы, ең ерте процестерді (метастаздарды) анықтауға мүмкіндік беретін шағын инвазивті хирургиялық араласулар жүзеге асырылады. Бұл аурудың сатысын нақтылау және оңтайлы кешенді терапияны таңдау кезінде өте маңызды. Ең тиімдісі ICG биопсиясы сүт безі қатерлі ісігі кезінде қолданылады және ісік хирургиялық жолмен жойылғанға дейін де, одан кейін де жүргізілуі мүмкін. Қажет болған жағдайда ICG  биопсиясы ісіктің басқа түрлеріне де тағайындалады»,– дейді маммология бөлімінің меңгерушісі Серік Бәйдібеков.

Маманның айтуынша, «күзетші» лимфа түйіндерінің биопсиясы жоғары сезімталдық пен ерекшелікпен сипатталады. Бірқатар зерттеулерде әдістің сезімталдығы 100%, ал ерекшелігі 97% деп бағаланады.

Сонымен қатар, бұл әдіс ісік жасушалары болған жағдайда ғана кесуге жататын күзетші түйіндерді жою қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Олар болмаған жағдайда лимфа түйіндерін сақтау және науқасты қажетсіз стреске ұшыратпау маңызды.

«SLNB биопсиясы сүт безі обырын диагностикалау мен емдеудегі «алтын стандарт» болып табылады. Сапалы және сауатты орындалған процедураның арқасында дәрігер дәл диагноз қойып, барабар емдеуді тағайындайды және рецидив қаупін азайтады, яғни аурудың қайталану қаупін төмендете түседі. Сондай-ақ асқынулардың дамуына әкелетін қажетсіз қосымша араласуды болдырмауға септігін тигізеді»,– дейді Бәйдібеков.

Новости
Дата публикации: 23.02.2023
Алматы онкологиялық орталығында 20 мыңға жуық науқас емделген
Алматы онкологиялық орталығында 20 мыңға жуық науқас емделген

2022 жылы науқастарға 70 000-нан астам клиникалық диагностикалық зерттеу жүргізілді

Алматы онкологиялық орталығында 20 мыңға жуық науқас емделгенФото: Алматинский онкологический центр

2022 жылы Алматы онкологиялық орталығында (АОО) 19 914 онкологиялық науқас емделді. 5 жыл ішінде ем қабылдағандардың өсу динамикасы 62,6 %-ды құрады (2018 жылы 12 248 науқас емделген), деп хабарлайдыAlmaty.tv.

Өткен жылы АОО хирургиялық бөлімшеcінде 2,5 мыңнан астам хирургиялық ота жасалды. Операциялардың 50%-ға дерлігі шағын инвазивті әдіспен жүзеге асырылды.

Хирургиялық науқастарды жеделдетіп сауықтыру бағдарламасы енгізіліп, белсенді түрде қолданылып келеді, бұл стационарда жату ұзақтығын қысқартып, операциядан кейін науқастың сауығу үдерісін жылдамдатады.

Бүгінгі күні онкологиялық орталықта химиотерапияның 50-ге жуық түрі, 40-тан астам мақсатты және гормондық препарат қолданылады, соның арқасында 2022 жылы 16 427 онкологиялық науқас химиотерапиялық ем алды.

АОО-да онкологиялық науқастарды емдеу кезінде сәулелік терапия белсенді қолданылады. Мәселен, 2022 жылы радиология бөлімшесінде 1084 онкологиялық науқасқа 18 890 сәулелік терапия сеансы жүргізілді.

AOО бүгінгі таңда заманауи диагностикалық жабдықтардың кең спектрін пайдаланады және диагностикалық мүмкіндіктерді үнемі жаңартып, жетілдіріп отырады.

2022 жылы қатерлі ісікке күдікті және онкологиялық науқастарға КТ, МРТ, ультрадыбыстық, эндоскопиялық, цитологиялық, иммуногистохимиялық зерттеу сияқты 70 000-нан астам клиникалық диагностикалық зерттеу жүргізілді.

«AOО-да күзетші лимфа түйінінің биопсиясы немесе Sentinel Lymph Node Biopsy (SLNB) сияқты қатерлі ісіктің таралуын анықтауға мүмкіндік беретін, яғни алғашқы, ең ерте процестерді (метастаздарды) анықтауға мүмкіндік беретін шағын инвазивті хирургиялық араласулар жүзеге асырылады. Бұл аурудың сатысын нақтылау және оңтайлы кешенді терапияны таңдау кезінде өте маңызды. Ең тиімдісі ICG биопсиясы сүт безі қатерлі ісігі кезінде қолданылады және ісік хирургиялық жолмен жойылғанға дейін де, одан кейін де жүргізілуі мүмкін. Қажет болған жағдайда ICG  биопсиясы ісіктің басқа түрлеріне де тағайындалады»,– дейді маммология бөлімінің меңгерушісі Серік Бәйдібеков.

Маманның айтуынша, «күзетші» лимфа түйіндерінің биопсиясы жоғары сезімталдық пен ерекшелікпен сипатталады. Бірқатар зерттеулерде әдістің сезімталдығы 100%, ал ерекшелігі 97% деп бағаланады.

Сонымен қатар, бұл әдіс ісік жасушалары болған жағдайда ғана кесуге жататын күзетші түйіндерді жою қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Олар болмаған жағдайда лимфа түйіндерін сақтау және науқасты қажетсіз стреске ұшыратпау маңызды.

«SLNB биопсиясы сүт безі обырын диагностикалау мен емдеудегі «алтын стандарт» болып табылады. Сапалы және сауатты орындалған процедураның арқасында дәрігер дәл диагноз қойып, барабар емдеуді тағайындайды және рецидив қаупін азайтады, яғни аурудың қайталану қаупін төмендете түседі. Сондай-ақ асқынулардың дамуына әкелетін қажетсіз қосымша араласуды болдырмауға септігін тигізеді»,– дейді Бәйдібеков.

Новости
Дата публикации: 22.02.2023
Операция бөлімінің медбикесі дәрігердің бас көмекшісі
Операция бөлімінің медбикесі дәрігердің бас көмекшісі

Операция бөлімінің медбикесі дәрігердің бас көмекшісі болып табылады. Бұл мамандық иесіне үлкен жауапкершілік жүктейді әрі физикалық және эмоционалдық төзімділікті талап етеді. Өйткені медбике операциялық үстелде 15 сағатқа дейін тұра алады. Операция кезінде науқастың қауіпсіздігі көп жағдайда оның әрекетіне тікелей байланысты.

Алматы онкологиялық орталығының ота жасау бөлімінде медбике болып істейтін Динара Құсайынова, оталық медбике хирургпен бір толқында болып, оны жақсы түсініп, жағдайды алдын ала есептеп алуы керек екеніне сенімді. Осының бәріне жету үшін, ең алдымен, адамға көмектесуге деген үлкен ықылас керек.

Динара Жәметқызының айтуынша, операция жасайтын медбикеге көптеген кәсіби міндеттер жүктеледі және олар операцияның тікелей процесімен ғана емес, хирургиялық араласудың алдындағы жұмыстармен де байланысты.

- Операция бөлімі медбикесінің міндетіне науқас пен операция бөлмесін отаға дайындау да жатады. Мұнда барлық іс-әрекет қатаң алгоритмге бағынып, түпсанаға еніп кетуі керек, - деп түсіндіреді медбике.

Динара Құсайынованың айтуынша, операция - бұл келісілген әрекеттердің қатаң алгоритмі, мұнда ешкімнің қателесуге құқығы жоқ, сондықтан операциялық бөлмеде өзара сенім атмосферасының болуы маңызды.

Операцияның негізгі кезеңінде патологиялық немесе зардап шеккен органға хирургиялық әсер жасалады. Соңғы кезеңде операция кезінде зақымдалған органдар мен тіндер қалпына келтіріледі.

- Операцияның ұзақтығы әр түрлі, мен қатысқан ең ұзақ операция 15 сағатқа созылды. Мұндай жұмысқа төтеп беру үшін психологиялық тұрғыдан тұрақты болып, жетістікке жетуге ниеттену керек - қазір осы операциялық бөлмеде сіз адамның өмірін аман алып қалуға тырысып жатырсыз, хирургиялық араласу және одан кейінгі ем науқастың қалпына келуіне, оның өмір сапасын жақсартуға көмектесетініне сену керек.

Сауыққан адам өзі үшін де, жақындары үшін де үлкен қуаныш, - деп сенеді ота жасау бөлімінің медбикесі.

Новости
Дата публикации: 16.02.2023
Алматы емханаларында амбулаториялық хирургия қалай жұмыс істейді?
Алматы емханаларында амбулаториялық хирургия қалай жұмыс істейді?
Алматы емханаларында амбулаториялық хирургия қалай жұмыс істейді?Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

N16 қалалық емханада хирургиялық аурулар мен жарақаттар кезінде жоғары білікті медициналық көмекке мұқтаж науқастарға қызмет көрсетуге арналған Амбулаториялық хирургия орталығы (АХО) жұмыс істей бастады.
Пациенттерді қабылдауды білікті мамандар жүзеге асырады: ересектер мен балалар хирургы, травматолог, гинеколог, дерматолог.
Орталық меңгерушісі, жоғары санатты хирург дәрігер Зарқын Қалибековтің айтуынша, жақын арада бұл мамандарға проктолог және уролог қосылады.

«Орталықтың құрамына дәрігерлік қабылдау кабинеттері, таңу бөлмелері, күндізгі стационары бар операциялық блок кіреді. Бөлімше заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасымен жабдықталған. Мұнда бүгінгі таңда келесі  аурулар бойынша амбулаториялық операцияларды жасатуға болады: жұмсақ тіндердің абсцесін ашу және ағызу, қынаптың зақымдалған аймағын қол сіңірін (гигрома) кесу, плевралық пункция (торакоцентез), іш қуысының пункциясы (лапароцентез), тырнақты, тырнақ төсегін, тырнақтың қалыңдауын алып тастау, тері мен тері астындағы тіндерден бөтен денелерді кесу немесе алып тастау, перианальды абсцесс диссекциясы, алдыңғы іш қуысының операциядан кейінгі грыжасын жою, кіндік грыжасын, қиғаш және тік ішек грыжасын жою, тері мен тері астындағы май тіндерінің өсінділерін жою, жұмсақ тіндердің абсцесін ашу және ағызу, липоманы, атероманы алып тастау, фурункулдарды, карбункулдарды, тері астындағы шырышты парапроктиттерді, бартолиниттерді кесу, циркумцизияны, гипсті иммобилизациялауды, геморроидальды түйіндерді таңуды, ашық жараларды хирургиялық емдеу", - деп атап шықты дәрігер З.Қалибеков.

Шұғыл көмек алу үшін пациент бірден орталықтың маманына кезектен тыс және жазылусыз жүгіне алатынын атап өту маңызды.

АХО-да жоспарлы медициналық көмек алу үшін пациент амбулаториялық хирургия орталығының дәрігерімен кеңесуге жіберетін жалпы тәжірибелік дәрігерге көрінуі керек.
Алғашқы консультация нәтижелері бойынша АХО маманы алынған клиникалық мәліметтерге талдау жүргізеді, медициналық көрсеткіштер мен жедел емдеуге қарсы көрсеткіштер белгіленеді, алдын-ала жедел араласудың күні тағайындалады. Хирургиялық араласудың алдында ілеспе патология бойынша қарсы көрсетілімдерді (периоперациялық тәуекелдерді) болдырмау мақсатында операция алдындағы тексеру (зертханалық, функционалдық, аспаптық, мамандардың консультациясы) жүргізіледі. Операциядан кейінгі кезеңде пациенттер бірнеше күн бойы операция жасайтын хирургтың бақылауында болады, онда олар күндізгі стационар шеңберінде барлық қажетті медициналық көмекті алады.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында қазіргі уақытта қала бойынша мемлекеттік емханаларда 9 амбулаториялық хирургия орталығы  жұмыс істейтінін атап өтті (№4, №10, №11, №16, №26, №29, №36 ҚЕ, №7 ҚКА жанындағы емханада, АТЖА емханасында). Жақын арада тағы екеуін ашу жоспарланған: №14 және №3 емханада. Амбулаториялық хирургия орталықтарындағы медициналық көмекті дәрігердің жолдамасы бойынша тіркеуге қарамастан алуға болады.

Новости
Дата публикации: 14.02.2023
МӘМС реабилитациялық көмекті пайдалануға мүмкіндік береді
МӘМС реабилитациялық көмекті пайдалануға мүмкіндік береді

Бүгінде денсаулықты қалпына келтіруге бағыттылған медициналық реабилитацияға деген сұраныс жоғары. Қазіргі таңда Алматы қаласында оңалту қызметін көрсететін 76 клиника Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен.
Медсақтандыру арқылы көрсетілетін реабилитациялық көмек кімдерге қолжетімді? Оны пайдалану үшін не істеу қажет? Осы және өзге де сұрақтарға №11 Қалалық емхананың оңалту бөлімшесі меңгерушісі Дамиля Бердібаева жауап берді.

Айтуынша, медициналық оңалтудан төмендегідей жағдайларда өтуге болады:
- негізгі немесе созылмалы сырқатты емдеу барысында;
- хирургиялық манипуляциялардан кейін;
- жарақат алғаннан кейін;
- өмір сүру сапасын төмендетіп, қимыл-қозғалысты шектейтін сырқаттар кезінде.

Реабилитациядан өту үшін не істеу қажет?
1. Медициналық көмектің кез-келген түрі сияқты, реабилитациядан өту үшін де алдымен тіркелген емханаға бару керек.
2.Учаскелік дәрігер реабилитологқа немесе мультидисциплинарлық топ мамандарына жолдама береді.
3. Олар аурудың пайда болуына, асқыну деңгейіне, сырқаттың денсаулық жағдайына қатысты мәліметтерді негізге ала отырып, бастапқы реабилитациялық диагноз қояды, денсаулықты қалпына келтіру жоспарын жасайды, курстың мерзімін белгілейді.
4. Оңалту курсын амбулаторияда, стационарда, стационарды алмастыратын емдеу мекемесінде, үйде немесе санатория-курорттарда өтуге болады. Жоспарлы түрде ем қабылдайтын пациент стационарға «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жатқызылады.
Маман сөзіне сүйенсек, оңалту курсын емханалар мен ауруханалардан бөлек, оңалту орталықтары, спорттық-оңалту кешендері, санаторлық кешендер мен әлеуметтік-медициналық мекемелер де жүргізеді.
«Мәселен, біздің бөлімшеде токпен емдеу, парафинотерапия, жиілігі жоғары ультратерапия (УВЧ/КВЧ), лектрофарез, диадинамотерапия (ДДТ), синусоидалды-модульденген ток (СМТ-терапия), соллюкс, ингаляция, рессотерапия, магнитотерапия, оттегі концентраторы, аппараттық және кәдімгі емдік массаж, тұз шахтасы сынды т.б. ем-дом түрлері қолданылады. Сонымен қатар, емдік-шынықтыру залы балалар мен ересектерге арналған тренажерлармен жабдықталған», - деп қорытты дәрігер.

Новости
Дата публикации: 13.02.2023
Дәрігер акушер гинеколог жасарып келе жатқан әйелдер аурулары туралы айтты
Дәрігер акушер гинеколог жасарып келе жатқан әйелдер аурулары туралы айтты

Жатыр мойны обыры 10 жылға «жасарып» кетті, егер бес жыл бұрын бұл ауру 30-50 жас аралығындағы әйелдерде анықталса, қазір онкологиялық патология тіпті 20 жастағы қыздарда да кездеседі екен. Әйелдердегі мұндай ерте патология гинеколог мамандарды алаңдатады.

Алматы теміржол ауруханасы емханасының акушер гинекологы Мәдина Бейсеқұлова кез келген әйел ауруының сыртқы және ішкі арандатушы факторлары болатынын айтты.

Қандай аурулар туралы «жасара түсті» деуге болады? Жатыр мойны обырының ерте скринингі туралы айтқан дұрыс па?

- Жатыр мойны обырын «жасара түскен» аурулар қатарына жатқызуға болады. Жатыр мойны обыры 35 жас пен 55 жас аралығында жиі кездессе, жас әйелдерде бұл ауру әлдеқайда аз кездеседі. Статистикаға жүгінсек, аталған патология бойынша жыл сайын шамамен 500 000 жаңа жағдай анықталады, оның 1700-і Қазақстанда, бұл 100 000 халыққа 1-2 жағдай. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1700-ге жуық жаңа жағдайы анықталып, 600 әйел осы дерттен көз жұмады. Дегенмен, жатыр мойны обыры қатерлі ісіктің алдын алуға болатын түріне жатады, өйткені жатыр мойны обырының себебі көп жағдайда адам папилломавирусы болып табылады. Қазақстан Республикасында 2008 жылдан бастап 5 жыл сайын 30 жастан 60 жасқа дейінгі әйелдер үшін жатыр мойны обырын ерте анықтау бойынша Ұлттық скринингтік бағдарлама жұмыс істейді. Жатыр мойны обырының скринингі тегін әрі тұрғылықты жер бойынша емханада жүргізіледі. Әдетте бұл ауру 30-50 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі, бірақ жақында ауру «жасара түсті» - қазір ол 20 жастағы қыздарда да кездесетін болған.

Эндометриоз қаншалықты жасарды? Жатыр мойны эрозиясы қазіргі кезде қай жастан бастап анықталады?

- Дәрігерлер аналық без немесе басқа ішкі органның эндометриозын жиі анықтайды: әрбір үшінші әйел осы аурудан зардап шегеді. Оған патологиялық босану, түсік түсіру, жатыр қуысын диагностикалық тазалау және қабыну процестері себеп болады. Бедеу әйелдердің 5%-ына аналық без, тік ішек, қуық немесе басқа органның эндометриозы диагнозы қойылған. Статистика бойынша жатыр мойны эндометриозы осы аурудың басқа түрлеріне қарағанда сирек кездеседі. Бедеуліктен басқа, бұл ауру қатерлі ісікке, мәселен, жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін. Эндометриоз жатыр миомасымен бірге жиі анықталады. Жатыр мойны эрозиясы жыныстық қатынаста белсенді жас әйелдердің 80%-дан астамында кездеседі. Әйелдер аурулары жасаруының себебі жыныстық белсенділіктің ерте басталуы болып табылады.

Әйелдер жүйесі патологиясының ерте белгілері қандай, алғашқы сигналды жіберіп алмау үшін не істеу керек?

Сыртқы және ішкі қоздырғыш факторлары болады.

Аурудың дамуының сыртқы себептері:

  • қолайсыз экологиялық орта;
  • невроздар, психологиялық жүктемелер, созылмалы стресс және жиі депрессия;
  • ретсіз жыныстық қатынас;
  • сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің механикалық жарақаттары;
  • вирустық және бактериялық инфекциялар, соның ішінде ЖЖБИ;
  • жыныстық белсенділіктің ерте басталуы;
  • іш киімді қате таңдау;
  • интимдік аймақтың жеткіліксіз гигиенасы;
  • мата, косметикалық құралдарға жергілікті аллергиялық реакция;
  • дәрілік заттарды, әсіресе ішке қабылданатын контрацептивтер мен антибиотиктерді жиі және бұрыс қабылдау.

Ішкі қоздырғыш факторлар:

  • ағзадағы инфекция көзі болып табылатын қабыну процестері: созылмалы тонзиллит, гайморит, пиелонефрит және т.б.;
  • гинекологиялық, эндокриндік ауруларға байланысты гормоналды тепе-теңдіктің бұзылуы;
  • ішкі органдар анатомиялық құрылымының аномалиялары;
  • жиі түсік тастау, түсік түсіру;
  • жүйелі аурулардың болуы (мысалы, қант диабеті).

Қазір гинекологқа қаншалықты жиі барған дұрыс? Кіші жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуін қаншалықты жиі жасау керек? Әйелдерге арналған дәрумен, тағамдық қоспа, шөптер аурудың алдын алуға көмектеседі ме?

Гинекологқа жылына 2 рет көріну керек. Кіші жамбасқа ультрадыбыстық зерттеу көрсеткіштер бойынша жасалған дұрыс. Әйелдерге арналған дәрумен мен диеталық қоспалар жалпы әл-ауқатты жақсартуға көмектеседі. Әйелдерге арналған жоғары сапалы дәрумен және теңдестірілген минералды кешен денсаулықты қолдау, гормоналды деңгейді қалыпқа келтіру, тонусты арттыру және иммунитетті нығайту, жүрек-тамыр жүйесі мен барлық органдардың жұмысын қолдау үшін қажет.

Новости
Дата публикации: 13.02.2023
Қаламның серіппесін жұтып қойған - Алматыда дәрігерлер баланы аман алып қалды
Қаламның серіппесін жұтып қойған - Алматыда дәрігерлер баланы аман алып қалды

Сегіз жасар бала Алматы қаласы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жағдайда түскен.

Серіппені дәрігерлер арнайы «крокодил» қыстырғышымен алып шыққан, деп хабарлайдыQaz365.kzтілшісі №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-анасының айтуынша, бала үш сағат бұрын аузына салып отырған қаламның серіппесін күлген кезде жұтып қойған. Сәлден соң жөтеліп, тыныс алуы қиындаған баланы дереу  аурухананың жедел жәрдем бөлімшесіне жеткізеді. Баланың кеуде қуысына жасалған рентгенография бронхта бөгде зат бар екенін көрсеткен. Ауруханаға жатқызылып, жалпы анестезиямен қатаң трахебронхоскопия жасалған. Серіппе арнайы «крокодил» қыстырғышымен алынып, бала төрт күннен кейін үйіне шығарылған.

№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаевтың айтуынша, мұндай жағдайлар көбінесе 1-15 жас аралығындағы балалардың арасында кездеседі. Үлкен бөтен денелерден жөтел пайда болады, асфиксияны тудырып, баланың өміріне қауіп төндіреді.

"Трахеяның толық бітелуі немесе ларингоспазм болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда тек шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет, сонда ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болады", - дейді маман.

Дәрігер балалардағы бөтен денені  қолмен алып тастауға болмайтынын қатаң ескертеді!

«Сақ болыңыздар! Балаға тамақ ішу кезінде сөйлесуге, күлуге, жүгіруге рұқсат бермеңіз. Кішкентай балалардың ұсақ ойыншықтар мен ойыншық бөлшектерін, сағызды аузына салмауын қадағалаңыз», - деп балалар хирургі ата-аналарға кеңес береді.

Новости
Дата публикации: 10.02.2023
Алматының кардиологиялық орталығына жыл сайын 15 мыңға жуық адам жүгінеді
Алматының кардиологиялық орталығына жыл сайын 15 мыңға жуық адам жүгінеді

Дәрігерге түрлі шағыммен жүгінетін жастар көбейген.  Алматының кардиологиялық орталығына жыл сайын 15 мыңға жуық адам жүгінеді

Бұрын жүрек ауруы көбіне егде жастағы адамдардың проблемасы саналса, бүгінде осындай шағыммен дәрігерлерге жүгінетін жастар көбейген. Алматы қалалық кардиология орталығының кардиология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Жәмилә Алдабекова ӨКҚ-де өткен брифингте жүрек ауруларын емдеу туралы айтты, деп хабарлайдыinbusiness.kz"Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Жәмилә Алдабекованың айтуынша, кардиологтың қабылдауында жиі кездесетін шағымдар - бұл әдетте бас ауруымен, денедегі қызу сезімімен, жалпы әлсіздікпен, сол жақтағы кеуде аймағындағы иық астына немесе сол қолға қарай берілетін күшті ауырсынумен бірге жүретін қан қысымының жоғарылауы, сондай-ақ әртүрлі ырғақ бұзылыстарына - мысалы, жүрек тоқтап қалғандай сезіну немесе керісінше, өте жиі жүрек соғысы.

"Бұрын жүрек ауруына  шағымдар негізінен егде жастағы адамдарда жиі кездесетін деп есептелді, бірақ соған қарамастан, орта жастағы адамдарда жүрек ауруының жоғарылау үрдісі бар екенін атап өткен жөн. Қазір 35-40 жас аралығындағы адамдардың кардиологқа бірінші рет баруы сирек кездесетін жағдай емес", - дейді жоғары санатты дәрігер.

Жәмилә Алдабекова қандай жағдайда кардиологқа жүгіну керектігін атап өтті.

"Егер сізде ентігу, аяқтың ісінуі, негізсіз жиі жүрек соғуы, қан қысымының 140/90-нан жоғарылауы, физикалық күш түсуден кейін немесе психоэмоционалды күйзелісьен кейін пайда болатын кеуденің сол жағындағы ауырсыну шағымдары болса дәрігерге қаралу керек", - дейді кардиолог.

Инфаркттың  ең басты белгісі - физикалық күш түскеннен немесе  психоэмоционалды күйзелістен кейін кеуденің сол жақ жартысында сол қолға, жауырын астына, мойынға таралатын, 15-20 минуттан астам уақытқа созылатын және кейін пайда болатын қатты батып ауруы. Қосымша симптомдарына кенеттен ентігуді, қан қысымын төмендеуін, адамның есінен тануын жатқызуға болады.

"Бұған дейін бәріміз инфаркттың себебі холестериннің жоғарылауынан деп санайтынбыз. Бірақ әлемдік ғылыми қауымдастықтың соңғы еңбектері тіпті қандағы холестерин деңгейі төмен адамдарда жүрек соғысы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Негізгі себеп - коронарлық тамырлардағы түйіндік немесе олардың спазмы. Түйіндіктер, өз кезегінде, жоғары холестерин деңгейіне ғана байланысты емес, ағзаның ұзақ мерзімді жүйелі ауруларына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ковид пандемиясынан кейін инфарктпен ауыратын науқастардың үлесі күрт өсті, өйткені коронавирус тек өкпеге ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл денеге, соның ішінде жүрек тамырларының ішкі қабығына әсер етеді", - деді Жәмилә Алдабекова.

Новости
Дата публикации: 06.02.2023
Алматының кардиологиялық орталығына жыл сайын 15 мыңға жуық адам жүгінеді
Алматының кардиологиялық орталығына жыл сайын 15 мыңға жуық адам жүгінеді

Бүгінде шағыммен дәрігерге жүгінетін жастар көбейгенАлматының кардиологиялық орталығына жыл сайын 15 мыңға жуық адам жүгінеді

Бұрын жүрек ауруы көбіне егде жастағы адамдардың проблемасы саналса, бүгінде осындай шағыммен дәрігерлерге жүгінетін жастар көбейген. Алматы қалалық кардиология орталығының кардиология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Жәмилә Алдабекова ӨКҚ-де өткен брифингте жүрек ауруларын емдеу туралы айтты, деп хабарлайдыAlmaty.tv.

Жәмилә Алдабекованың айтуынша, кардиологтың қабылдауында жиі кездесетін шағымдар - бұл әдетте бас ауруымен, денедегі қызу сезімімен, жалпы әлсіздікпен, сол жақтағы кеуде аймағындағы иық астына немесе сол қолға қарай берілетін күшті ауырсынумен бірге жүретін қан қысымының жоғарылауы, сондай-ақ әртүрлі ырғақ бұзылыстарына - мысалы, жүрек тоқтап қалғандай сезіну немесе керісінше, өте жиі жүрек соғысы.

«Бұрын жүрек ауруына  шағымдар негізінен егде жастағы адамдарда жиі кездесетін деп есептелді, бірақ соған қарамастан, орта жастағы адамдарда жүрек ауруының жоғарылау үрдісі бар екенін атап өткен жөн. Қазір 35-40 жас аралығындағы адамдардың кардиологқа бірінші рет баруы сирек кездесетін жағдай емес», - дейді жоғары санатты дәрігер.

Жәмилә Алдабекова қандай жағдайда кардиологқа жүгіну керектігін атап өтті.

«Егер сізде ентігу, аяқтың ісінуі, негізсіз жиі жүрек соғуы, қан қысымының 140/90-нан жоғарылауы, физикалық күш түсуден кейін немесе психоэмоционалды күйзелісьен кейін пайда болатын кеуденің сол жағындағы ауырсыну шағымдары болса дәрігерге қаралу керек», - дейді кардиолог.

Инфаркттың  ең басты белгісі - физикалық күш түскеннен немесе  психоэмоционалды күйзелістен кейін кеуденің сол жақ жартысында сол қолға, жауырын астына, мойынға таралатын, 15-20 минуттан астам уақытқа созылатын және кейін пайда болатын қатты батып ауруы. Қосымша симптомдарына кенеттен ентігуді, қан қысымын төмендеуін, адамның есінен тануын жатқызуға болады.

«Бұған дейін бәріміз инфаркттың себебі холестериннің жоғарылауынан деп санайтынбыз. Бірақ әлемдік ғылыми қауымдастықтың соңғы еңбектері тіпті қандағы холестерин деңгейі төмен адамдарда жүрек соғысы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Негізгі себеп - коронарлық тамырлардағы түйіндік немесе олардың спазмы. Түйіндіктер, өз кезегінде, жоғары холестерин деңгейіне ғана байланысты емес, ағзаның ұзақ мерзімді жүйелі ауруларына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ковид пандемиясынан кейін инфарктпен ауыратын науқастардың үлесі күрт өсті, өйткені коронавирус тек өкпеге ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл денеге, соның ішінде жүрек тамырларының ішкі қабығына әсер етеді», - деді Жәмилә Алдабекова.

Сонымен қатар, қант диабетімен жүйелі аурулармен ауыратын науқастар, мысалы, ревматоидты артрит, онкологиямен науқас адамдардың жүрек тамырларының зақымдану қаупі жоғары. Дегенмен, жоғары холестериннің негізгі себебі - алиментарлы. Қазақстан тұрғындары майлы етті сүйіп жейді және көкөністерді аз тұтынумен ерекшеленеді. Әрине, жоғары холестериннің тұқым қуалайтын себептері бар, олар тұқым қуалайтын дислипидемиялар деп аталады. Сондықтан 30 жастан асқан адамдар үшін жыл сайын холестеринді және оның барлық фракциясын - липидограмманы анықтау маңызды.

Дәрігер тұрғындарды жүрек ауруына қарсы дәрі-дәрмекті өз бетімен қабылдамауға шақырды. Өйткені кардиологиялық ғана емес, барлық препараттардың дәлелденген әсер ету механизмі және белгілі бір көрсеткіштері мен дозалары бар.

«Науқастар көбіне жарнаманың арқасында аспирин препараттары - тромбопол, тромбоасс, кардиомагнил, астромбин жүрекке әсер етеді деп жаңылыстырып жатады. Әрине, бұл препараттар қанды сұйылтады, бірақ кардиологтың рецептісіз қабылдау кезінде бұл препараттар асқазан жарасын тудырады. Сондықтан, егер сіз препаратты теледидардан көрген болсаңыз да немесе туыстарыңыз бен көршілеріңіз бұл препаратты ішуге кеңес берсе де, сіздің жағдайыңызда олар көмектесіп қана қоймай, зиян тигізуі мүмкін», - дейді дәрігер.

Сұрақтарға жауап бере отырып, кардиолог жүрек ауруын неврологиялық аурудан қалай ажыратуға болатынын айтты. Егер ауырсыну бірінші рет пайда болса, онда сіз медициналық қызметкерлерге, емханаға барған жөн немесе жедел жәрдем шақыру керек. Бірақ диагностиканың жалпы критерийлері күш түсуден, күйзелістен, салқын тиюден кейін жүрек ауруының пайда болуы, ауырсыну басу болып табылады. Неврологиялық ауырсынулар тұрақты, қозғалыс кезінде күшейеді. Кеуде қуысын пальпациялау кезінде немесе тыныс алу кезінде ауырсыну күшейсе, онда неврологиялық аурудан күдіктенген жөн. Оның нақты диагнозын маман айтады.

Соңында Жәмилә Алдабекова жүрек жұмысына пайдалы өнімдерді тізіп берді. Олардың ішінде: жасыл көкөністер: жасыл салат, қияр, қырыққабат. Қызыл етті аптасына 1-2 рет қабылдауға болады, майы аз сорттарға – майсыз сиыр етіне, құс етіне, балыққа, соның ішінде майлы теңіз балығына артықшылық берген дұрыс, бірақ аптасына бір реттен жиі емес.

Құрамында калий, магний кальцийі бар пайдалы тағамдар – бадам, соя, кептірілген інжір, теңіз балдыры, сиыр сүті, сүзбе, брокколи, кептірілген өрік, қара өрік, мейіз, асқабақ, қызылша, шпинат, қарақұмық, бұршақ дақылдары.

Тұзды, ысталған тағамдарды олардың құрамындағы натрийдің жоғары болуына байланысты шектеген жөн, бұл денеде сұйықтықтың сақталуына әкеледі, бұл өз кезегінде ісінуді тудырады және қан қысымын арттырады.

Новости
Дата публикации: 06.02.2023
  • 1
  • 2