#МӘМС

Алматыдағы №7 ауруханада семіздікке шалдыққан 4 пациенттің асқазанына сақтандыру шеңберінде ота жасалды
Алматыдағы №7 ауруханада семіздікке шалдыққан 4 пациенттің асқазанына сақтандыру шеңберінде ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі бері қазақстандықтар семіздікті емдеуге арналған қымбат операцияларды жасатуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, аурухана дәрігерлері 26-27-сәуірде семіздіктен зардап шегетін 4 пациентке лапароскопиялық бариатрия жасады.

Солардың бірі – 40 жастағы әйел. Жылдар бойғы күрес нәтиже бермеген соң ота жасатуға бел буған. Семіздік салдарынан салмағы 103 келіге жетіпті. Сәтті жасалған отадан кейін әйел бірден №2 хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазір пациенттің жағдайы бір қалыпты, өз бетінше жүріп-тұрады.

«Лапароскопиялық бариатрия – артық салмақты реттеп, семіздік салдарынан болатын артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы сынды ілеспе дерттерді емдеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Отаның бұл түрі біздің клиникада 2019 жылдан бері жасалып келеді. Бірлескен отаны аурухананың хирургия бөлімі меңгерушісі Мұса Сахипов пен белгілі хиррг Орал Оспанов жасап жүр», – делінген хабарламада.
Дәрігер Мұса Сахиповтың айтуынша, ота адамның жасына, қосымша аурулары мен зат алмасу процесіндегі ерекшеліктерге қарай жасалады. Манипуляциядан кейін пациент шамамен 15-тен 80 келіге дейін салмақ тастайды.

Мамандар дерегіне сүйенсек, отадан кейін жалғанған ішектердің жүрмеуі, анастомозда жара пайда болуы сынды асқынулар саны азаяды. Сонымен қатар операция ұзақтығы, ауруханада жату мерзімі де азаяды. Заманауи қондырғылар пациенттің тез арада аяққа тұруына мүмкіндік береді.

Көрсетілімдерге байланысты және жоспарлы түрде жасалатын отаның құны шамамен 600 мың теңге. Жоғары технологиялы ота ақысы МӘМС пакеті арқылы төленеді, бірақ пациент операцияға қажетті бір реттік материалдарды өзі сатып алады.

Мамандар дерегінше, артық салмақ атеросклероз, гипертония, инфаркт, инсульт, қант диабеті, асқазан-ішек ақауы, артрит, репродуктивтік жүйе қызметінің бұзылуы сынды ауруларға әкеп соқтырады. Хирургиялық ота жасау туралы шешім дәрі-дәрмекпен емдеу нәтиже бермеген күрделі жағдайларда ғана қабылданады.
Қазіргі таңда семіздік әлемдік деңгейдегі проблемаға айналып отыр. ҚР Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының дерегінше, ел халқының 20% астамы семіздікке шалдыққан.

Шолпан Нуржауова

 

Новости
Дата публикации: 29.04.2022
Алматылық дәрігерлер 69 жастағы пациенттің жұлынындағы ісікті алып тастады
Алматылық дәрігерлер 69 жастағы пациенттің жұлынындағы ісікті алып тастады

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері интраоперациялық нейромониторинг жүйесінің көмегімен тұңғыш рет ерекше ота жасап, жұлындағы қатерлі ісікті алып тастады, депхабарлайдыZakon.kz.

Жоғары технологиялы операция міндетті әлеметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.ОҚКА баспасөз қызметі

Аурухананың нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, аталған әдіс операция кезінде пациенттің жүйке жүйесін зақымданудан барынша қорғайды. Сонымен қатар нейрохирургтің ота барысында жасалатын манипуляцияларды бастан-аяқ бақылап отыруына мүмкіндік береді.

Операция алдында біз науқастың бұлшық еттеріне және организмнің функционалдық маңызы бар аумағына арнайы электродтар орнатамыз. Кейін оларды интраоперациялық нейромониторинг жүйесіне қосамыз. Сол арқылы операция барысын толық бақылауда ұстаймыз. Бұл жүйе манипуляция барысында жүйке жүйесінің зақымдануына жол бермейді.Нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматов

Жоғары технологиялы операция пациенттің 6 және 7-омыртқа бөлігіне жасалды.

Мамандардың айтуынша, жұлындағы ісік салдарынан жүйке қызметі бұзылады. Әдетте, аяқ-қолда әлсіздік пайда болады, сезімталдығы жойылады. Жамбас пен жыныстық органдардың функциясы бұзылады.

Екі сағатқа созылған ота сәтті өтті. Дәрігерлер пациенттің қалыпты өмірге қайтып оралуға толық мүмкіндігі бар екенін айтты.

Еске сала кетсек, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялардың ақысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленеді.

Еңлік Сақтан

Новости
Дата публикации: 12.04.2022
Постковидтік реабилитация қалай жүргізіледі?
Постковидтік реабилитация қалай жүргізіледі?

Новости
Дата публикации: 08.04.2022
МӘМС: инсультке шалдыққан пациенттер реабилитациядан өте алады
МӘМС: инсультке шалдыққан пациенттер реабилитациядан өте алады

Неврологиялық сырқаттарға шалдыққан алматылықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде денсаулығын түзете алады, деп хабарлайды Алматы қалалық №1 аурухананың баспасөз қызметі.
Осыдан біраз бұрын инсульт алған Р. есімді пациент сақтандыру арқылы реабилитациядан өткен.


«Мен аурухананың нейрореабилитация бөліміне инсульт алғаннан кейін 20 күннен соң түстім. Ол кезде өзім жүрмейтінмін, сөйлей алмайтынмын», – дейді пациент.
Дәрігерлер жеке оңалту бағдарламасын жасап, реабилитацияның кинезиотерапия деп аталатын әдісін қолдану туралы шешім қабылдады. Кинезиотерапия – инсульт салдарынан сал болып қалған аяқ-қолды қозғалысқа келтіріп, пациенттің өз бетімен жүріп тұруына, өзгенің көмегінсіз тамақтануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде жігіттің есте сақтау, сөйлеу қабілеті жақсарып, өздігінше отырып-тұратын болды.
Нейрореабилитация бөлімі меңгерушісі Әмина Сейданованың айтуынша, бөлімше қажетті жоғары технологиялы аппараттармен жабдықталған, аталған санаттағы сырқаттармен жұмыс істейтін білікті мамандар да жеткілікті.


«Оңалтудың екінші кезеңі мидағы қан айналысы бұзылған және миына, жұлынына ота жасалған пациенттерге арналған. Олар бөлімшеге аталған манипуляциядан кейін 9 айдан соң қабылданады. Кешенді емдеу-оңалту процесіне көптеген салалық мамандар жұмыдырылады. Жоспарлы түрде стационарға жатқызу «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жүргізіледі», – деп атап өтті дәрігер.
Естеріңізге сала кетсек, сырқат денсаулығын қалпына келтіру мен медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүргізіледі.

Новости
Дата публикации: 29.03.2022
Алматылық дәрігерлер миына қан құйылған әйелді аман алып қалды
Алматылық дәрігерлер миына қан құйылған әйелді аман алып қалды

Алматылық дәрігерлер аневризмге шалдыққан тамырдың үзілуі салдарынан миына қан құйылған әйелді аман алып қалды, деп хабарлайдыAlmaty.tv тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

65 жастағы әйел Орталық қалалық клиникалық ауруханаға  аневризмге шалдыққан тамыр үзіліп, миына қан құйылды деген диагнозбен шұғыл түрде жеткізілген.

Компьютерлік томография нәтижесінде оған «Алдыңғы байланыс артериясындағы аневризма үзіліп, миына субарахноидальды тип бойынша қан құйылды» деген диагноз қойылды.

Отаміндеттіәлеуметтікмедициналықсақтандырупакетішеңберінде, заманауиүлгідегібипландыангиографиялыққондырғыдажасалды. Операциянынейрохирург-дәрігерРауанҚастейжасады. 

«Операцияшағынинвазивтітәсілменжасалды. Бұлпациенттіңтезсауығып, қалыптыөміргеараласуынамүмкіндікбереді. Сандағыкүретамырдыбойлайотырып, ішкіұйқыартериясыарқылымикрокатетержіберілді. Микрокатетердіңұшыаневризмсалдарынанкеңейіпкеткентамырғакіргенкездеішіндегімикроспиральбосатылып, аурутамырғаорнығады. Егераневризмқапшығыүлкенболсаосындайбірнешеспиральжіберіледі. Бұлқантамырыныңжарылуқаупініңалдыналады», - дейдідәрігер.

Қазіркеңейгентамырдыңқайтажарылуқаупісейілді, отасәттіөтті. 

Мамандардың айтуынша, бұл өте күрделі операция. Бірақ отадан кейінгі күтімнің жөні бөлек. Пациент екі апта бойы қажетті ем-дом мен дәрі-дәрмектерді қабылдады.

«Пациенттің жағдайы жақсы, ертең ауруханадан шығады», - деді Рауан Қастей.

Новости
Дата публикации: 14.02.2022
Алматылық дәрігерлер жамбасы сынған кейуананы аяққа тұрғызды
Алматылық дәрігерлер жамбасы сынған кейуананы аяққа тұрғызды

Жамбас сүйегі сынғаннан кейін бұлшық еттері семіп, екі айдан астам уақыттан бері төсекке таңылып қалған 80 жастағы әжей Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайдыAlmaty.tv тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клиниканың ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекелов кейуананың оң жақ жамбас буынын алмастырып, күрделі ота жасады. Биополярлық эндопротездеу деп аталатын операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.

«Буын эндопротезіне арналған жаңа материалдар өте берік болып келеді әрі адам ағзасына тез бейімделеді. Бұл материалдар орта есеппен алғанда 15-20 жыл, көп жағдайларда 30 жылға дейін қызмет етеді. Тозғаннан кейін эндопротезді жаңасына ауыстыруға болады. Бұл операция 45 минутқа созылды. Пациент екінші күні-ақ отыра бастады, бұл отаның сәтті өткенін білдіреді»,- дейді дәрігер.

Қазір ол реабилитацияның екінші кезеңінен өтіп жатыр.

Орталық клиникалық ауруханың реабилитация бөлімі меңгерушісі Айгүл Төреқұлованың айтуынша, реабилитация роботтандырылған «Локомат» ортопедиялық тренажерының көмегімен жүргізіледі.

«Адам организмі инсульт, ми кемігі мен ми жарақатынан кейін, жамбас, тізе буындарын алмастырған соң жүру қабілетін жоғалтады. Аталған жоғары технологиялық қондырғы оларды жүруге бейімдеп, аяққа тұрғызуға мүмкіндік береді»,- дейді бөлім меңгерушісі.

Қартайған шағында өз бетінше жүріп-тұруға мүмкіндік сыйлаған дәрігерлерге әжей дән риза.

«Жүре алмай қалған соң сарыуайымға салындым. Бір қадам жасаудың өзі мұң болды. Маған осынша қуаныш сыйлаған білікті дәрігерлер мен жаны мейірімге толы медбикелерге айтар алғысым шексіз», - дейді апа. 

Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының директоры Тілеухан Әблдаев қазіргі таңда мұндай жоғары технологиялы операциялар ақысы МӘМС арқылы төленетінін атап өтті.

«Қаладағы медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен білікті мамандардың арқасында жамбас пен тізе буындарын алмастыру, жүрекке дифебриллятор қою, бас сүйек ішіндегі артерияларға стент қою, аневризмге шалдыққан тамырға эндоваскулярлық эмболизация жасау сынды тағы да басқа күрделі ота түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Олардың құны 1,5-6 млн теңгеге аралығын құрайды»,- дейді Тілеухан Әбілдаев.

Новости
Дата публикации: 11.02.2022
№7 аурухана дәрігерлері паразит салдарынан бауырының 75% зақымданған әйелге ота жасады
№7 аурухана дәрігерлері паразит салдарынан бауырының 75% зақымданған әйелге ота жасады

50 жастағы пациент №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жоспарлы түрде келіп түскен. Паразит салдарынан болатын ауыр дерт – бауыр альвеококкозы диагнозы бойынша оған шұғыл түрде ота жасау туралы шешім қабылданды. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.
Клиниканың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, пациент осыдан біраз бұрын оң жақ бүйірі ауырлап, ішінің формасы бұзылып, бұлтиғанын байқаған. Айтуынша, осы уақытқа дейін аурудың басқа белгілері білінбеген. Ультрадыбыстық зерттеуден кейін әйелдің оң жақ қабырғасының астында үлкен ісік пайда болып, бауырдың алға қарай жылжып кеткені белгілі болды.
Мамандар дерегінше, альвеококкоз жұққан күннен бастап 10 жылға дейін ешбір клиникалық белгі бермеуі мүмкін. Өйткені бауырға жабысқан құрт өте баяу өседі.
Альвеококкоз – жалпақ құрт (Echinococcus multilocularis) жұмыртқасының адам ағзасына түсуінен пайда болатын паразитарлық ауру. Құрт ағзаға жуылмаған жеміс-жидек, лас су мен балық, үй жануарлары арқылы түсуі мүмкін. Альвеококкоз салдарынан адамның маңызды органдары, соның ішініде басы мен өкпесі зақымданып, мүгедек болып қалуы мүмкін. Құрт ағзаның кез-келген бөлігінде кездесуі мүмкін, бірақ көбіне ол бауырға жабысады.
Бұл дертті емдеудің бірден-бір тәсілі – бауырдың бір бөлігін кесіп алып тас тау. Оны қан тамыры хирургиясын жақсы білетін тәжірибелі гепатохирургтар ғана жасай алады. Өйткені ота барысында бауырдың зақымданған бөлігін алып қана қоймай, өттің жұмысын реттеу қажет. Сондықтан мұндай күрделі операциялар ірі мультидисциплинарлық, жоғары мамандандырылған, заманауи технологиялармен жабдықталған клиникаларда ғана жасалады.
№7 аурухананың гепатопанкреатобилиарлы хирургия бөлімі дәрігерлері күрделі ота жасап, нәтижесінде салмағы 3,5 келіге жеткен алып альвеококкоз құртын алып тастады. Бауырдың едәуір бөлігінің зақымдануы мен пациенттің В гепатитімен ауыратыны жағдайды қиындата түсті. Хирург мамандар лапаротомия, оң жақ гемигепатэктомия жасап, бауырдың зақымданған 75% бөлігін алып тастауға мәжбүр болды. Он сағатқа созылған отаны профессор Муса Сахипов, көмекшісі Аңсат Таубалдиев, Нүркен Желдібаев, анестизиолог Марат Лекеровтен құралған кәсіби мамандар тобы жасап шықты. Дәрігерлер қан кету қаупінің алдын алып, нәтижесінде қосымша қан құю қажеттігін жойды.
Пациент қазір ауруханадан шығып, қалыпты өмірге оралды.
«№7 аурухана дәрігерлерінің біліктілігі мен шеберлігі алдында басымды иемін. Әсіресе, мені аман алып қалған дәрігерлерге, анестизиологқа, профессор Муса Сахиповқа алғысым шексіз. Алла разы болсын! Ауыр дерттен арылдым. Баршаңызға уақтылы қаралып, денсаулықты күтуге кеңес берер едім», - деді ол.

Толығырақ:https://alashainasy.kz/alash/7-auruhana-dargerler-parazit-saldaryinan-bauyiryinyin-75-zakyimdangan-ayelge-ota-181330/

Новости
Дата публикации: 19.01.2022
Хабарландыру
Хабарландыру

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында ТМККК берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызметтерді 2022 жылға сатып алу рәсімін автоматты түрде 2021 жылғы 14 желтоқсан сағат 09:00-ге дейін ұзартылғанын жариялайды.

Хабарландыруларды қарау үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет: www.fms.ecc.kz.

 

Новости
Дата публикации: 10.12.2021
Алматыда пайра синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды
Алматыда пайра синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы қалалық №7 ауруханада созылмалы колостазға шалдыққан әйелге күрделі ота жасалды.

Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының мәліметінше, операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалған.

Хабарламаға сүйенсек, жас келіншектің бұл дертке шалдыққанына бірнеше жылдың жүзі болыпты. Алғашында ол жүрек айну, бас айналу, құсу, іш ауруы сынды жағымсыз белгілермен өз бетінше күресіп көрген. Ақырында 10 күн бойы дәреті жүрмей, кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Дәрігерлер пациентке пайра ауруы – созылмалы колостаз деген диагноз қойып, оны шұғыл операцияға дайындаған.

№7 аурухананың хирургі Нұрлан Мәуленовтің айтуынша, созылмалы колостаз – тоқ ішекте кездесетін ауру. Мұндай аурумен ауыратын адамның іші кеуіп, үлкен дәреті жүрмейді, салдарынан организм уланады.

Бұл дертке шалдыққан пациенттер уақытылы емделу қажеттігін естен шығармағаны жөн. Көп жағдайда мұндай сырқаттарға хирургиялық көмек көрсетіледі, - дейді дәрігер.

Науқастың жағдайы қазір түзелген, өзін жайлы сезінеді.

Отадан кейін жағдайым біртіндеп жақсара бастады, қазір бәрі ойдағыдай. 15 күннен кейін үйге сауығып қайттым. Дәрігерлерге рақмет, - дейді пациент.

Естеріңізге сала кетсек, МӘМС пакетіне кіретін ота жоспарлы түрде жасалды.

 

Новости
Дата публикации: 29.11.2021
Алматыда Пайра синдромына шалдыққан пациентке ота жасалды
Алматыда Пайра синдромына шалдыққан пациентке ота жасалды

Алматыдағы Қалалық №7 ауруханада созылмалы колостазға шалдыққан әйелге күрделі ота жасалды. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды, деп хабарлайды Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы.

Хабарламаға сүйенсек, жас келіншектің аталған дертке шалдыққанына бірнеше жылдың жүзі болыпты. Алғашында ол жүрек айну, бас айналу, құсу, іш ауруы сынды жағымсыз белгілермен өз бетінше күресіп көрген. Ақырында 10 күн бойы дәреті жүрмей қалғаннан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Дәрігерлер пациентке Пайра ауруы – созылмалы колостаз деген диагноз қоййып, оны шұғыл операцияға дайындады.

№7 аурухананың хирургі Нұрлан Мәуленовтің айтуынша, созылмалы колостаз – тоқ ішекте кездесетін ауру. Мұндай аурумен ауыратын адамның іші кеуіп, үлкен дәреті жүрмейді, салдарынан организм уланады.

«Аталған дертке шалдыққан пациенттер уақтылы емделу қажеттігін естен шығармағаны жөн. Көп жағдайда мұндай сырқаттарға хирургиялық көмек көрсетіледі», — дейді дәрігер.«Отадан кейін жағдайым біртіндеп жақсара бастады, қазір бәрі ойдағыдай. 15 күннен кейін үйге сауығып қайттым. Дәрігерлерге рақмет», — дейді пациент.

Естеріңізге сала кетсек, МӘМС пакетіне кіретін ота жоспарлы түрде жасалды.

Новости
Дата публикации: 29.11.2021
  • 1