#Алматы

Алматыда 122 мыңнан астам қария вакцина алды
Алматыда 122 мыңнан астам қария вакцина алды

Алматы қаласында бір тәулікте 3238 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 қараша күні 3238 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 993, II компонентін – 1 245 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 қараша аралығында қалада 1 020 869 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 975 425 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 010 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Автор:Алма Мұқанова 

Новости
Дата публикации: 26.11.2021
АЛМАТЫДА 300-ДЕН АСА АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТКЕН
АЛМАТЫДА 300-ДЕН АСА АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТКЕН

Новости
Дата публикации: 26.11.2021
Еуропада эпидахуал ушығып барады: ДДСҰ коронавирустың өршу себептерін атады
Еуропада эпидахуал ушығып барады: ДДСҰ коронавирустың өршу себептерін атады

Новости
Дата публикации: 25.11.2021
Алматыда коронавирус жұқтырған 21 бала емделіп жатыр
Алматыда коронавирус жұқтырған 21 бала емделіп жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 451 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 119 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 115, симптомсыз – 4 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 45, келіп түскені – 48
«Инфекциялық стационарларда 451 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1434), оның ішінде 21 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 48 адам жатыр.
Ал 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 30 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 943 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 904 науқас. 39 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Новости
Дата публикации: 25.11.2021
Алматыдағы ревакцинация науқаны қалай жүзеге асуда?
Алматыдағы ревакцинация науқаны қалай жүзеге асуда?

Новости
Дата публикации: 23.11.2021
Алматыда АИТВ-мен ауыратын адамдарда туберкулезді диагностикалаудың жаңа әдісі енгізілуде
Алматыда АИТВ-мен ауыратын адамдарда туберкулезді диагностикалаудың жаңа әдісі енгізілуде

 

Қазақстанда, Алматы қаласында алғаш рет пилоттық режимде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда туберкулезді (ТБ) ерте диагностикалаудың жаңа әдісін енгізу басталды.

Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ індетін бақылау жөніндегі Алматы моделі жобасының қолдауымен ЛАМ тестінің арнайы ТБ пайдалана отырып, АӨСА-да туберкулезді ерте диагностикалау қолжетімді болды. Бұл әдісті ДДҰ ашылмаған клиникалық көрінісі бар пациенттерде өкпе және өкпеден тыс туберкулезді ерте диагностикалаудың қосымша әдісі ұсынады.

— «Туберкулезді ерте диагностикалау және уақтылы емдеу АӨСА-дың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Өйткені, АИТВ-инфекциясы — ТБ дамуы үшін ең күшті қауіп факторы және АИТВ - оң адамдардың өлімінің басты себебі» — деп ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталықтың бас дәрігері Марат Төкеев атап өтті.
Липоарабиноманнан (ЛАМ) зәр анализіне арналған сынақ жолақтары ТБ-ны АӨСА арасында және АИТВ дамуының кеш сатысында диагноз қоюға мүмкіндік береді. Оларды қолдану оңай және ақысыз. Диагностиканың жаңа әдісінің тағы бір дәлелі - АИТВ-мен ауыратын науқастарда қақырықта бактериялық жүктеме аз болады, бұл микроскопияның теріс нәтижелерінің жиілігінің жоғарылауына әкеледі.
ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері арнайы оқудан өтті. Сондай-ақ ТБ ЛАМ тестілерін қолдану бойынша алгоритмдер мен нұсқаулықтар келісіліп, бекітілді.

2021 жылдың бірінші қарашасына Алматы қаласының ЖИТС орталығында АИТВ-мен өмір сүретін 3 810 адам есепте тұр. 2021 жылғы 1 қараша күнгі статистикасы бойынша 40 адамда туберкулез диагнозы қойылған.

Алматы қ. ЖИТС орталығының баспасөз қызметі
Байланыс: М. Максимова, +7 777 225 46 01
marina_maximova@rambler.ru

 

Новости
Дата публикации: 23.11.2021
2021 жылдың 23 қарашаға арналған КВИ және вакцинация бойынша ақпарат
2021 жылдың 23 қарашаға арналған КВИ және вакцинация бойынша ақпарат

2021 жылдың 22 қараша күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 119 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 117 симптомдық белгілері бар және 2 симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 222, келіп түскені – 49.
Инфекциялық стационарларда (1 774 төсек-орын) жалпы саны 459 адам (оның ішінде 23 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 55.
ӨЖЖ – 17, инвазивті емес ӨЖЖ – 28, High flow-да 11 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 013 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 964, симптомсыз 48 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 1 941 адам, 2-компонетты 1 505 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-22.11.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 1 023 642 адам, 2-компонентты 960 778 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 121 894 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости
Дата публикации: 23.11.2021
Вакцинациядан кейін неге темекі тартуға болмайды – дәрігер жауабы
Вакцинациядан кейін неге темекі тартуға болмайды – дәрігер жауабы

Таяуда Жапония ғалымдары темекі өнімдерінің коронавирус инфекциясына қарсы жасалған екпеге кері әсері барын мәлімдеді. Медицина мамандарының айтуынша, темекі адам ағзасындағы антидененің мөлшерін азайтады, деп хабарлайдыAlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап.

Еліміздің танымал терапевті Анжела Ашихмина да бұл тұжырыммен келісіп отыр. Ол темекі өнімдерінен бас тарту арқылы екпенің тиімділігін арттыруға болатынын айтып, коронавируспен ауырып шыққан адамдарға ескерту жасады.

"Темекі өнімдерінің адам өміріне кері әсерін айтып тауысу мүмкін емес. Мұны кез келген медицина маманы растайды. Алайда COVID-19 індетінің келуімен бұл мәселеге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей жатыр. Бүгінде адам ағзасы өте мықты вируспен күресуде. Осы орайда коронавируспен ауырып шыққан адамдарды темекіден бас тартуға шақырамын, себебі КВИ тыныс алу жолдарының барлығына әсер етеді. Жаңа инфекцияның салдарынан мұрын қуысы, жұтқыншақ, трахея, бронх және өкпе тез қабынатын болды. Тіпті, өмір бойы ішімдік пен темекіге жоламаған пациенттердің өзі ауыр жағдайда түсіп жатыр, ал темекі тұтынатындардың денсаулығы мүлде нашарлап кетті. Олар, ең алдымен, пневмонияны қоздырып, ем алу процесін қиындатып жүр",– дейді ол.

Ашихминаның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе темекі өнімдерін тұтынатын адамдарды ажалдан алып қалмайды.

"Иә, вакцинацияның коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы екені рас. Бүгінде екпе алған елдердегі жалпы статистика көрсеткішінің жақсарғанын байқаймыз, бірақ мұнымен іс бітпейді. Вакцина алып, енді ауырмаймын деген сөздерді жиі естіп жатамыз. Дәл осылай ойлайтын кісілердің қатты қателесетіндігін айтқым келеді. Бетперде тақпайды, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамайды, одан қалды, темекіні бұрқыратады. Өз тәжірибемде өкпесінің тең жартысы қабынып, өлім аузынан қалған пациенттердің бірнеше күннен кейін-ақ темекіні қайта тартқандарын көрдім. Кейін олардың басым бөлігі емханаға қайта түседі, бірақ бұл жолы аурудың алдын алу қиын болады, сондықтан осындай қиын-қыстау заманда өз денсаулығымызға асқан жауапкершілікпен қарауға шақырамын",– деді ол.

Қазақстандық дәрігер темекі тартатын адамдар үшін ең қауіпті ауруды атады.

"Векторлы екпелердің тромбоз туындатуы мүмкін, бірақ мұндай жағдай миллионда 5 рет қана кездеседі. Оксфорд университетінің зерттеуі бойынша, коронавирус белгілері табылған 500 мың адамның 300-нен тромбоз туған екен. Бұл нені білдіреді? Тромбоз екпе алмағандарға қатты әсер етеді. Айта кету керек, темекі өнімдерінің тромбоздан бөлек, жүйке жүйесі, өкпе, бауыр және жүрекке де зияны көп",– дейді Анжела Ашихмина.

Сонымен қатар ол темекі өнімдерін тұтынатындардың COVID-19 инфекциясын тез тарататынын жеткізді.

"Темекі тартатын адамдарда мөлшерден тыс аэрозоль бөлінеді. Темекі түтіні арқылы вирус тарауы мүмкін, сондықтан бұл жайтты да ескерген жөн. Бұл генетикалық факторлары белгілі темекі тартушылардың коронавирусты жедел қоздыратынын білдіреді",– дейді дәрігер.

Сөз соңында Анжела Ашихмина темекіні көп тартып, ауруханаға түскен пациенттер туралы статистика келтірді.

"Емхана келіп түсетін коронавирус белгілері бар пациенттердің басым бөлігі темекі шегеді. Ал соның ішінде тәулігіне темекінің бір қорабын тауысатындар басқаларға қарағанда 6 есе көп қаза табады. Басқаша айтқанда, темекі тартатындар, темекі тартпайтындарға қарағанда 80 пайыз өлімге жақын болады. Ешқандай зерттеусіз-ақ күнделікті статистика мәліметтері арқылы мұны растай аламыз",– дейді ол.

Новости
Дата публикации: 22.11.2021
Қазақстанда халықты ревакциналау басталды
Қазақстанда халықты ревакциналау басталды

Новости
Дата публикации: 22.11.2021
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы ревакцинация жасады
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы ревакцинация жасады

22 қарашада Алматы қаласында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін алғашқылардың бірі болып №4 қалалық емханада Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев екпе алды. Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін инактивтендірілген QazVac және Sinopharm (Vero Cell) вакциналары қолжетімді.

Бірінші кезекте  ревакцинацияға тұрғындардың осал топтары жатады, олар - медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер,  жабық балалар мекемелері, 60 жастан асқан адамдар, КВИ қарсы толық вакцинация курсынан кейін антитела анықталмаған иммунитеті төмен адамдар, өз бетінше тексерілген және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар жатады

КВИ-ге қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жасалады. Инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан кейін жасалады.

Сондай-ақ, қалалық емханаларда жүкті әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және бала емізетін аналарға  COVID-19 врусына қарсы Pfizer компаниясының «Комирнати»  екпесін салу да жүргізіліп жатыр.

Новости
Дата публикации: 22.11.2021