Республика күні құтты болсын!


🇰🇿 Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барша қазақстандықты Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке - халқымыздың бірлігі мен ел тәуелсіздігін, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін айрықша күн. Еліміз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік пен береке, татулық пен келісім салтанат құрсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке, толағай табыс пен ертеңгі күнге деген сенім тілейміз! Қазақстанымыз жыл өткен сайын нығайып, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін!
Оқиға күні
25 қазан 2026
Оқиға түрі
Құттықтау