Алматы әкімінің халықпен кездесуі туралы

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда қала мәслихатының шешімімен Алматы қаласы әкімінің (тоқсан ішінде 8 кездесу) және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық күнтізбесі (ай сайын 1 кездесуден) бекітілді.

Жылдық күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін барлығы кем дегенде 48 кездесуге дейін өткізу қарастырылған (24 – қала әкімі, 24 – аудан әкімі).

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылы 14 сәуірде сағат 15.00-де Абай даңғылы, 90 мекенжайда орналасқан Бас жоспардың ғимаратында өтеді.

Сәуір айы ішінде кестеге сәйкес аудан әкімдерінің халықпен 9 кездесуі өтеді.

Алматы қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесулерінің кестесі

№

Күні және уақыты

Аудан

Өтетін орны

1.      

13.04.2022 (сәрсенбі)

Сағ. 17:00

Әуезов

№ 86 мектеп, 6 шағын ауданы

2.      

13.04.2022 (сәрсенбі)

Сағ. 11:00

Наурызбай

Тастыбұлак шағын ауданы, «Тастыбұлақ» саябағы

3.      

16.04.2022 (сенбі) сағ. 11:00

Жетісу

 

№177 мектебі, Көкжиек шағын ауданы, 63

4.      

20.04.2022 (сәрсенбі) сағ. 11:00

Түрксіб

№203 мектеп, Досбол би көшесі, 31, Нұршашқан шағын ауданы

5.      

20.04.2022 (сәрсенбі) сағ. 15:00

Алатау

Теректі шағын ауданы, Ташкент тракті, 541

6.      

21.04.2022 (бейсенбі) сағ. 10:00

Бостандық

№40 мектеп, Орбита-3 шағын ауданы

7.      

22.04.2022 (жұма)

Сағ. 11:00

Наурызбай

Алты-Алаш шағын ауданы, Сағатов көшесі, 24

8.      

27.04.2022 (сәрсенбі) сағ.11:00

Медеу

№172 лицейі, Қарқаралы көшесі, 15, Думан шағын ауданы

9.      

28.04.2022 (бейсенбі)  сағ. 11:00

Алмалы

Алматы сымбат және дизайна колледжі  Райымбек даңғылы, 174


 

Жарияланған күні

11 сәуір 2022

Жаңарту күні

11 сәуір 2022