Сайлау учаскесін тарату және Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 әуірдегі № 2 «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алматы қаласы Бостандық ауданы аумағында № 308 сайлау учаскесі таратылсын.
  2. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1545 болып 2019 жылғы 12 сәуірде тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 45-46 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2019 жылдың 16 сәуіріндегі № 44-45 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1)  көрсетілген шешімнің қосымшасында № 234, 236, 237, 238, 239, 240, 261, 269, 305 сайлау учаскелері орталығының атауы, осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген шешiмнiң қосымшасындағы «№ 308 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 17 үй, «Қазақстан санаториясы» Акционерлік қоғамы, телефон: 378-01-83. Шекаралары: жабық» мәтін алынып тасталсын.    

  1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Алияроваға жүктелсін.
  3. Осы шешім, ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Әкім                                                                                                    А. Рақымбетов

 

Келісілді:

Алматы қаласы аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                          Ж. Асанова

«__» мамыр 2022 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

03 мамыр 2022 20:55

Жаңарту күні

03 мамыр 2022

Бағыттар