Әуезов ауданы әкімінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 2 шешімі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29860 болып тіркелді
«Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы 2020 жылғы 3 наурыздағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 2 шешімі
Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
- Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Әуезов ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппаратына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім С. Сайфеденов
"КЕЛІСІЛДІ":
Алматы қаласы Аумақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы Ж. Асанова
«____» ___________ 2022 ж.
76
06 қазан 2022 18:17
06 қазан 2022