«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ әкімшілік және қаржы бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4 (1 бірлік), №АИФО-4
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
Ақтөбе облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау, бухгалтерлік есеп және аудит.
Функционалды міндеттер
Басқарма аппаратын ұстауға арналған қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша бухгалтерлік жұмыстарды ұйымдастыру. Есепті кезеңге мемлекеттік мекеме бойынша бастапқы бухгалтерлік құжаттарды және түзетілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын «Парус КазБюджет» бағдарламалық өнімінің «Бухгалтерлік есеп» жүйесіне енгізіп, дайындалған айлық есептерге тиісті әрбір шотқа сәйкес №2, №3 №5 №6, №7, №8, №13, №15,№18,№20,№22 мемориалдық ордерлерін қалыптастыру және басқа бөлім мамандарымен жасалған мемориалдық ордердерлерге сәйкес бас кітапты жүргізу. Белгіленген мерзімге жартыжылдық және жылдық бойынша басқарманың шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есебін, тоқсандық кредиторлық және дебиторлық берешек есептерімен бюджет қаражаты есебінен кредиторлық және дебиторлық берешектердің қалыптасу себептері туралы ақпараты «E- minfin» порталына енгізу арқылы қаржы басқармасына жасап тапсыру. Ай сайын қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттарды толық игеру мақсатында алдын-ала талдау жасап «Қазынашылық -Клиент» жүйесі арқылы міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды енгізу үшін төлемдер мен міндеттемелер бойынша өтінімдерді дайындау. Ақша қаражатының дұрыс уақытылы есебін жүргізу, оларды уақытылы бухгалтерлік есеп шоттарда көрсету, басқарма басшылығына төлемдердің өтуіне байланысты ақша қаражатының игерілуі туралы талдау ұсыну.
Мемлекеттік кірістер департаментіне басқарманың салық декларацияларын тапсыру мақсатында, есепті кезеңнің айлары бойынша қосалқы есептеулерді дайындап, тоқсандық салық декларациясын жасау және қалалық салық басқармасы арқылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне электрондық түрде ұсыну.
Мұғалжар,Темір,Ойыл,,Хромтау,Шалқар ветеринариялық стансаларды ИИКЖ «Қазынашылық –Клиент») тіркеу. Қаржылық жоспарды орындау барысында басқарманың 719 001 бюджеттік бағдарламен қабылдаған міндеттері бойынша уақытылы есеп айырысу және 719 003, 719 007, 719 008, 719 009, 719 010, 719 011, 719 012, 719 013, 719 014, 719021,719 , 719 028, 719 030, 719 031 бюджеттік бағдарламалары бойынша төлем шоттарды тіркеу кітабына жаза отырып төлем шоттарды әзірлеу және ұсынылған құжаттарға сәйкес уақытылы қаражатты аударуды қамтамасыз ету.
Қазынашылық департаментімен тұрақты жұмыс жүргізу.
Компьютерлік жабдықтарды (қажетті бағдарламаларды) жарақтылықта ұстауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлермен жұмыс жасау, Word, Excel, E-mail, Internet, бағдарламаларымен компьютерде жұмыс жасау тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді білуі. Байланысқа бейімділік, ынтагерлік, командада жұмыс жасау, орындаушылық, дәреже сатысын және қызметтік тәртіпті сақтау.
Бөлім басшысының берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.02.2021
- ГУ «Аппарат акима Актюбинской области», 030010, город Актобе, проспект Абилкайыр хана 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-20-89.Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.