«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы, (D-О-1), 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-1

Орташа лауазымдық айлықақы

182456 - 246519

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Философия
  • Мәдениеттану
  • Филология
  • Дінтану
  • Шығыстану
  • Теология
  • Түркітану
  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасайды, мемлекеттік жастар саясатын жүргізу міндетін жүзеге асырады, жастардың шығармашылық, рухани және тәндік мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке адамды дамыту үшін жағдай жасай отырып, оның ой өрісін байытады, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіпеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелейді, діни және мәдени келісімді жүргізудің жаңа жолдарын іздеу арқылы ішкі саясаттың тұрақтылығын және этникалық қарым-қатынасты одан әрі нығайтады, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ халқының және республикада тұратын өзге де этностардың тарихын, дәстүрі мен салтын оқыту, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгертеді. Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау,  жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлай және болжай білу шеберлігі болуы қажет.  Талдау жасай, қорыта білуі, ақпаратты, құқықтық актілерді, бағдарламаларды, анықтама, баяндама және өзге де жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттарды  жүйелей алуы, конференция, семинар, кеңестер ұйымдастыра алуы қажет. Облыстық әкімдіктің басшылары анықтайтын өзге де құзіреттіліктерді жүзеге асыра білуі тиіс.

Жарияланған күні: 01.07.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.07.2020 – 07.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    09.07.2020

    Сұхбаттасу орны

    «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

    Анықтама алу үшін байланыс

    Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша  шағымдануға құқылысыз.