«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, №ОПИФБП-5

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдерді жоспарлау және жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
Мемлекеттік сатып алуға арналған бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру ;
Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша алдағы жылға жоспар жасау;
Мемлекеттік сатып алу жоспарына тұрақты негізде өзгерістер енгізуді жүзеге асыру;
Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша рәсімдерді ұйымдастыру (заңнамаға сәйкес құжаттаманы дайындау, құжаттардың дұрыстығын, белгіленген қағидаларға сәйкестігін тексеру);
Заңнамада белгіленген тәсілдерге сәйкес электрондық форматта мемлекеттік сатып алуды жүргізуді сақтау;
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасасу рәсімін ұйымдастыру;
Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша төлем туралы деректерді енгізу бойынша мониторингті жүзеге асыру;
Тауарларды қабылдау - берудің электрондық актілерін, орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің актілерін қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушыларды анықтау бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
Мемлекеттік сатып алуға анықталған жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу бойынша материалдар дайындау (сот органдарына талап арыздар беру);
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша сот процестеріне қатысу;
Мемлекеттік сатып алу шарттарын қамтамасыз етуді қайтару бойынша талдау мониторингін жүргізу;
Функционалдық міндеттеріне сәйкес ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді электрондық форматта дайындауды және жіберуді уақтылы қамтамасыз ету;
Облыстық басқару және ведомстволық бағынысты мекемелер мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға сұратылған ақпаратты уақтылы және сапалы ұсыну;
Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері бойынша кеңестер мен отырыстарға қатысу;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда белгіленген шектеулерді сақтау;
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшіге ант беру;
Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау:
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
Өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына немесе өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың өтініштерін қарау және олар бойынша бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылдау;
Басқарма басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындау;
Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;
Лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Басқарманың жұмыс регламентін орындау.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.10.2023 – 19.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21.