Ақтөбе облысында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы

1

Ақтөбе облысында  құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 

1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;

2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;

3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысын қарау;

5) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қолдану;

6) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті  өкілді  және атқарушы органдарға жіберу;

7) құқық бұзушылық  профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

8) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

 

Жарияланған күні

20 қараша 2020

Жаңарту күні

20 қараша 2020