Ақтөбе облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссиясы

 

1

Ақтөбе облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссиясы

 

1) облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайын және Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын талдау;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа ұйымдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жоспарлы, жүйелі және мақсатты шараларды қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және басқа ұйымдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуды жақсартуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша оның жұмыс тобымен өзара іс-қимыл жасау;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа формалары мен әдістерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;

 

 

Жарияланған күні

20 қараша 2020

Жаңарту күні

20 қараша 2020