«Облыс әкімінің Ақтөбе облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебі»

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері – бұл атқарушы органдар жұмысының өткен жылғы қорытындысын шығарып қана қоймай, облыс тұрғындарының мүдделерін ескере отырып, олардың қатысуы арқылы алдағы жылдарға арналған өңірдің даму перспективаларын анықтауға мүмкіндік береді.

2019 ЖЫЛЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2019 жылғы қаңтар-ақпан айларында облыста45,2 мыңтұрғынның қатысуымен барлық деңгейдегі әкімдердің526есеп беру кездесулері өткізілді.

Кездесу барысында келіп түскен1023 сұрақтың865-ісол жерде шешілді.

26 мәселеоблыс әкімінің,101 мәселеаудан және қала әкімдерінің іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Жалпы,127 сұрақтыңбүгінгі күні68,5%-ы(87 мәселе)орындалды, 40 мәселеорындалу үстінде.

Облыс әкімінің жоспарына енген26 сұрақтың22-сібойынша қаржыландыру мәселесі толығымен шешілді,4жоба бойынша мәселе жоғары тұрған мемлекеттік органдармен пысықталуда.

Мәселен, шешімін тапқан проблемалық мәселелер:

– «Анаға тағзым» ғимаратында көпбалалы аналарға арналғанпсихологиялық көмек орталығыашылды;

– «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша886жас отбасыпәтер алды(97 жас маман «Қарғалы» тұрғын үй алабында сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлер алды);

– Алға қаласының10 көшесінің жол құрылысыаяқталды;

– Ақай ауылдық округінің Көлтабан ауылы газдандырылды;

– Қарауылкелді ауылында 2 қабатты16 пәтерлі тұрғын үйдіңқұрылысы аяқталды;

– мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде3ауылда (Ойыл, Ақжар, Кемер) және т.б.талшықты-оптикалық байланыс желілеріжүргізілді.

ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС

«Халық үніне құлақ асатынмемлекет» тұжырымдамасын сақтау, қоғамдық ұйымдармен және қарапайым азаматтармен диалог, ашықтық, адамдардың қажеттілігіне жедел әрекет ету, халықпен тұрақты кездесулер жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі басты қағидат болып табылады.

Өткен жылғы  наурыздан желтоқсан айына дейінгі аралықта облыс басшылығы60-тан астам жұмыс сапарменаудандарда болып,13 мыңнан астамтұрғыны бар100-ден астам елді мекендеболды. Жеке қабылдауында245адам болып(2018 жылға қарағанда 41,3%-ға артық),3921азаматтың өтініші қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында барлық аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларыныңәлеуметтік желілерде жеке парақшаларыашылды, олар азаматтардың сұрақтарына жедел жауап береді, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі тікелей эфирге, «Рейтинг», т.б. онлайн режиміндегі телебағдарламаларына тұрақты түрде қатысады.

Облыс халқын толғандыратын ең өзекті мәселелер бойынша 2019 жылы137баспасөз конференциясы мен брифингтер өткізілді,10 500баспасөз релизі мен басқа да ақпараттық материалдар таратылды.

Әкімдіктер қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын дамыту шеңберінде«OPEN SPACE»кеңістік қағидатын енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде(мәселен, ашық кабинеттер Ақтөбе қаласының, Алға, Шалқар, Мәртөк, Темір аудандары мен Алматы ауданының әкімдіктерінде құрылған).

Халықпен осындай кездесулер, азаматтардың өтініштерімен тұрақты жұмыс, әлеуметтік желілер мониторингі Ақтөбе облысының тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың алдына облыс халқының әл-ауқатын арттыру міндеті қойылды.

Әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді ұстанымға ие болу үшін Мемлекет басшысы көрсеткен міндеттерді орындау бойынша нақты іс-қимылды көрсететін 29 шарадан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жұмыс сапарының қорытындысы бойынша 10 хаттамалық тапсырма берілді, оның ішінде:

– Ақтөбе облысының әкімдігіне 4 хаттамалық тапсырма берілген, ал қалған тапсырмалар тиісті министрліктерге берілді.

Бүгінгі күні осы тапсырмалардың үшеуі  орындалды, қалғандары белгіленген мерзімге сәйкес орындалуда.

2019 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин аймақта жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша 45 хаттамалық тапсырма берілді. Бүгінгі күні олардың 9-ы орындалды немесе орталық мемлекеттік органдары тарапынан қолдау тапты, қалғандары орындалу үстінде.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген тапсырмалардың орындалу барысы облыс басшылығының тұрақты бақылауында.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2019 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған барлық шаралар облыс тұрғындарымен тұрақты байланыста болуға, олардың әл-ауқатының жақсаруына және экономиканың одан әрі өсуіне бағытталды.

Айта кету керек, облыс елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Бұған макроэкономикалық көрсеткіштер дәлел бола алады.

Барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң динамика байқалады.

Бұл жетістік облыстың барлық тұрғындарының бірлескен және тынымсыз жұмысының нәтижесі болып табылады.

АЗАМАТТАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНЫҢ АРТУЫ

Сапалы өмір сүру деңгейі халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

2019 жылы азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, табыстарын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, несиелік жүктемені төмендету, т.б. мәселелерде басымдық ретінде және мақсатты қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар2019 жылдың 1 қаңтарынанбастап ең төменгі жалақы1,5 есеге(28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін)өсті. Ең төменгі жалақы алатын70 мыңнанастам ақтөбеліктің жалақысы көтерілді. Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы30%-ғаөсті.

2019 жылы облыстың1400-ден астамкәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен15%-ғаартып,32 мыңақтөбелікке оң әсерін тигізді. Облыс тұрғындарының орташа айлық жалақысы 13,9%-ға өсіп, 156 615 теңгеге жетті.

Алайда бұл орташа сан негізінен мұнай-газ, кен өндірісі, теміржол, қаржы  саласы қызметкерлерінің біздің өңірдің өлшемі бойынша жоғары жалақысы есебінен жасалғанын атап өту керек және біз жалпы халықтың басым көпшілігінде жалақы деңгейінің төмен екендігін жоққа шығармаймыз.

Осыған қарамастан, біздің өңірдегі жалақы деңгейі республика бойынша жалақының орташа көрсеткішінен16%-ғатөмен(ҚР бойынша 9-орын)және салыстырмалы түрде еліміздің батыс өңіріндегі аймақтар арасында  ең төмені болып отыр.

Сондықтан біз 2025 жылға дейін республика бойынша орташа еңбекақы деңгейіне қол жеткізу үшін халықтың табысының жыл сайынғы өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледік.

2020 жылы халықтың табысын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен30%-ғаөсетін болады.

БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ

2019 жылдың қорытындысы бойынша бірлестірілген бюджетке түсімдер547,1 млрд теңгенінемесе102,4%-дықұрады.

Осы ретте,119,2 млрд теңгежергілікті бюджетке түсті. Бұл 2018 жылға қарағанда675,5 млн теңгеге(2018 жылы – 118,5 млрд теңге) артып отыр.

Салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі жұмыс нәтижесінде бюджетке3,4 млрд теңгеқосымша қаржы түсті.

Бюджет99,6%-ғанемесе269,8 млрдтеңгеге игерілді.

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

2019 жылы облыс кәсіпорындары1,9 трлн теңгеніңөнімін шығарып, рекордтық көрсеткішке жетті. Осы ретте, аймақ өнеркәсібінің өсуіне жаңа технологияларды қолдану, өндірістің жаңа желілерін іске қосу есебінен қол жеткізілді және бұл5,9%-дықұрады(2018 жылы – 1,8 трлн  теңге).

Тау-кен саласында 2018 жылмен салыстырғанда бірқатар пайдалы қазбалар өндіру көлемі артып отыр. Мысалы: мыс-мырыш кені —43,5%-ға, құрамында алтын бар кен —21,5%-ға, мырыш концентраты —16,3%-ға,хром кені —4,9%-ға, хром концентраты —2,5%-ғаөсті.

Бір мезгілде еңбек өнімділігін және бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қолданыстағы өндірісті модернизациялау белсенді жүргізілуде.

Анықтама:соңғы 3 жылда жалпы көлемі155 млрд теңге көлемінде85кәсіпорында модернизациялау жұмыстары жүргізілді.

Өңірдің жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты басымдықтарының бірі —инвестиция тартуболып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына600 млрд теңгеинвестиция тартылып,7,5%өсімді құрады.

Бұл ретте тартылған қаражаттың73%-ыжеке сектор субъектілерінің меншікті қаражаты болып табылса,36%-ышетелдік инвестиция болып табылады.

Егер 2012 жылы жалпы шетелдік инвестициялардың үлесі10,2%-дықұраған болса, бүгінгі күні салыстырмалы динамика тікелей шетелдік инвестициялар ағынының айтарлықтай өскенін көрсетіп отыр.

2019 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсімі160 млрд теңгені құрайтын 25 ірі инвестициялық жобаныжүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілді.

Олардың ішінде ең ірілері:

— Мұғалжар ауданындағы «ҚазГеоРуд» ЖШС тарапынан «Құндызды» мыс-мырыш кенін игеру;

—  «ТД «Фотон» ЖШС өндірген ұяшықты автокланды газ бетоны;

— «АКМЭЗ» ЖШС-ның өсімдік майы мен оның мал азығын әзірлеу өндірісі.

Осы жобалардың іске қосылуы нәтижесінде аймақта қосымша1700-ден астам жұмыс орны құрылды.

2020 жылы облыстың негізгі капиталына салынатын инвестиция көлемін740 млрд теңгегедейін арттыру қажет.

Ағымдағы жылыірі индустриялық жобалардыіске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда:

— «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС-ның керамогранит және керамикалық плитка өндірісі;

— «Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның құрылыс материалдарын өндіру ісі;

  • «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-ның 5-буынды жылыжайының екінші кезеңін іске қосу.

Сондай-ақ, өңірге инвестиция ағынын арттыру мақсатында «Еуразия» АЭАжәне«GOSB»түрік инвесторымен бірлесіп, индустриялық парк құрылады.

Бұл қосымша500 млрдтеңгеден астам қаржы тартуға, кемінде15 000жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Инвесторларды тарту және басқару әлемдік үздік тәжірибелер бойынша«бір терезе»әдісімен жүзеге асырылатын болады.

Аталған инвестиция көлемі экономиканың5%-дық өсімін ұстап тұруғамүмкіндік береді.

Қазіргі таңдаҚазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыбекітілу үстінде, ол ішкі және сыртқы нарықта өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасауға бағытталған.

Цифрландыружәне«Индустрия 4.0»элементтерін белсенді қолдануға, тиімді өндірушілерді қолдауға,«қарапайым заттар экономикасын»дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында облыста мобильді бұрғылау қондырғыларын, болат дайындамаларды, металл конструкцияларын, химиялық реагенттерді, техникалық көміртекті, диализаторларды, құрама жемдерді және тағы басқаларын өндіру бойынша жобалар пысықталуда.

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік аспектілерге баса назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді енгізуді тапсырды.

Бұл салада келесідей оң нәтижелерге қол жеткізілді:

— жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны8,6%-ғаартты және59,1 мың бірліктіқұрады;

— Шағын және орта бизнес саласында халықты жұмыспен қамту9,9%-ғанемесе147,1 мыңадамға дейін артты(2019 жылдың 9 айы бойынша дерек);

—680,6 млрд теңгеніңөнімі шығарылды(өсім — 1,9%; 2019 жылдың 9 айы бойынша дерек).

Бизнестің қарқынды дамуына мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаудың ықпалы зор. Осы ретте«Бизнестің жол картасы — 2025»бағдарламасы аясында2,4 млрд теңгебөлінді(2018 жылы – 2 млрд теңге).

430 шағын және орта бизнессубъектісі мемлекеттік қолдауға ие болып,10 жыл ішіндеалғаш рет рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Негізінен қолдау өңдеу өнеркәсібіне, көтерме және бөлшек сауда, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтау, туризм және білім беру саласында іске асырылатын жобаларға көрсетілді.

Жалпы, субсидияланған жобалар саны мен кредиттерге кепілдік беру бойынша өңір алдыңғы қатарда келеді.

2019 жылы«Еңбек»жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру үшін6,2 млрд теңгебөлінді.

Жалпы сомасы6,1 млрд теңгеқұрайтын1133 жобақолдау тапты, оның ішінде90%-данастамы5 млрд теңге көлеміндеауылдарда іске асырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасы аясында мақұлданған жобалар саны бойынша облыс республика бойынша көшбасшылардыңбестігінекіреді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша8,8 млрд теңгеге85жоба мақұлданды.

Облыстабизнес негіздерін оқытуғаерекше көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы6 000-нанастам адам оқытумен қамтылып, оның ішінде769-ынесие алды,457-іжаңа бизнес-идеялары үшін грантқа ие болды.

Әкімшілік кедергілерді жою және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

Ақтөбе облысы«Doing Business» рейтингіаясында Дүниежүзілік банктің сарапшылары жүргізген«Қазақстанда бизнесті жүргізу – 2019»қорытындысы бойынша республика бойынша3-орынғаие болды.

2020 жылы жұмыс істеп тұрған шағын орта бизнес субъектілерінің санын60 000бірлікке дейін, ЖӨӨ-дегі(Жалпы өңірлік өнім)  шағын орта бизнес үлесін20,7%-ғадейін жеткізу, жұмыспен қамтылғандардың санын147,5 мыңадамға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Туризм саласындамыту аясында Қарғалы су қоймасы Қазақстанның туристік картасына енгентоп-50нысан қатарында. Қазіргі уақытта«KargalyResort»демалыс аймағының құрылысын жүргізуге инвестор тартылды.

Демалыс аймағына эко-стильдегі қонақүйлер, тау шаңғы базасы, шипажайлар, ипподром, су-ойын-сауық демалыс және спорт түрлері(гольф, теннис, футбол, картинг және т.б.), балық және жылыжай шаруашылығы кіреді.

Ақтөбе қаласында «IBIS» халықаралық қонақүй жүйесінің қонақүйін ашу жоспарлануда.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Ауыл шаруашылығы қазіргі уақытта да, болашақта да өңірдің табысты дамуының басты ресурстарының бірі болып табылады.

Ел басшылығы тек ішкі нарықта ғана емес, шетелде де талап етілетін органикалық және экологиялық таза өнім шығару міндетін қойды.

Осы мақсатта өткен жылы 2020-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.

2019 жылы ауыл шаруашылығының өсімі103,7%-ғажетті.

Ел Президентінің халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес суармалы жерлердің санын арттыру және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бағытында  келесі жұмыстар атқарылды:

Суармалы жерлердің көлемі21,9-дан 30,2 мың га-ғадейін, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы11,5%-ға(656 мың гектардан 731,4 мың гектарға дейін)өсті.

Цифрландыруэлементтерін енгізу арқылы(алаңдардың электрондық есебін, аэроғарыштық мониторинг жүргізу)мемлекетке595,3 мың га, оның ішінде егістік аумағы —26,4 мың гакөлемінде291учаске қайтарылды.

Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін аумағы771,5 мың га 427жер телімі берілді, оның ішінде егістік үшін берілгені —36 мың га;

Мал шаруашылығында ірі қара мал басы –6,3%-ға, жылқы –12,1%-ға, қой-ешкі 1,6%-ғажәне түйенің саны2%-ғаөсті.

Ет өндірісі8,5%-ға, сүт3,2%-ғажәне жұмыртқа өндірісі2,6%-ғаартты.

Сиыр еті экспортының көлемі2 есегеартып,4,4 мың тоннанықұрады.

Субсидиялау шығындарының жалпы сомасы 2019 жылы15,7 млрд теңгеніқұрады.

Алдағы жылдарға бірқатар амбициялық міндеттер қойылды:

1)2025 жылғақарайірі қара және ұсақ мал басын 3 есеге(ІҚМ 464 мыңнан 1,4 млн басқа, ҰМ 1,1-ден 3,4 млн басқа дейін)көбейту;

2) облысқа440 мыңнан астамасылтұқымды ірі қара малды әкелу;

3) 3 жыл ішінде жаңа кәсіпорындар құру арқылы(2020 жылы «Ұлан» ЖШС құс фабрикасы, 2022 жылы «РОКОС» ЖШС — жылына 50 мың тонна)құс етібойынша орын алып отырғантапшылықты жабу(қамтамасыз етілуі — 22%).

Егер бүгінде етРесейге, Өзбекстан және Иранғаэкспортталса, болашақта мысалы,Біріккен Араб Әмірлігі, Қытай және басқа да елдергежіберіліп,экспорт көлемі мен аймағы айтарлықтай артатын болады.

Осы міндеттерді шешу үшін жем-шөп базасын, суармалы жерлердің көлемін3,5 есе немесе 100 мың гектарға дейінүдемелі қарқынмен ұлғайтуқажет, бұл өнімділікті едәуір арттырады.

32су қоймасының құрылысы есебінен облыстың су-ресурстық әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдануда(ол 2,2 млрд текше метр суға бағаланады).

«АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ»  ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

Қазіргі уақытта ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында 2018 жылы Тұңғыш Президент бастамашылық еткен«Ауыл — Ел бесігі»арнайы жобасын іске асыру жалғасуда.

2019 жылы арнайы жоба аясында республикалық бюджет есебінен халықтың жалпы саны29 мың адамдықамтыған  болашағы зор 3 ауылда(Бадамша, Мәртөк, Шұбарқұдық)8жобаны іске асыруға1,2 млрд теңгекөлемінде қаражат бөлінді.

2020 жылға3,3 млрд теңгесомасына36жоба(24көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша,10әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша және2инженерлік инфрақұрылым бойынша)қолдау тапты.

Алға ауданы
1 Маржанбұлақ кентіндегі автомобиль жолын жаңарту (Абай Құнанбаев және Өрлеу көшелері)
2 Маржанбұлақ ауылының Әбілқайыр хан, Б.Момышұлы көшелерінің кентішілік автомобиль жолының құрылысы
3 Маржанбұлақ орта мектебінің №2 спорт залының ғимаратын күрделі жөндеу.
Әйтеке би ауданы
4 Комсомол ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесі автомобиль жолын салу
5 Комсомол ауылындағы Т.Жүргенов көшесінің 1,384 км жолын күрделі жөндеу
6 Комсомол ауылындағы Әйтеке би аудандық орталық ауруханасы мен ас блогы арасындағы өту және архив ғимаратын күрделі жөндеу
Байғанин ауданы
7 Қарауылкелді ауылындағы Барақ батыр көшесінен Ақтөбе-Атырау трассасына дейінгі автомобиль жолының құрылысы
8 Қарауылкелді ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы
9 Қарауылкелді ауылындағы Ақтөбе-Атырау трассасынан Барақ батыр көшесіне дейінгі автомобиль жолын күрделі жөндеу
10 Карауылкелді ауылындағы М.Мәметова көшесі автомобиль жолын салу
Ырғыз ауданы
11 Ырғыз ауылындағы ауылішілік автомобиль жолын күрделі жөндеу
12 Ырғыз орталық аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу
13 Ырғыз ауылындағы су құбыры желілерін жаңарту
Қарғалы ауданы
14 Бадамша ауылындағы Қазақстан, Горняков, Астана, Байтұрсынов, Имашев, Еңбекші, Жангелдин көшелеріндегі ауылішілік автомобиль жолын орташа жөндеу
15 Бадамша ауылының Әуезов және Абай тұйығын орташа жөндеу
16 Бадамша ауылындағы Әбілқайыр хан, Әйтеке би, Пацаев көшелеріндегі жарықтандыру құрылысы
Мәртөк ауданы
17 №3 Мәртөк орта мектебінің екі корпусын күрделі жөндеу
18 Мәртөк ауылындағы Жангелдин көшесіндегі ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу
19 Мәртөк ауылындағы Байғанин көшесін (Әубәкіров көшесінен айналма жолына дейін) ауылішілік автомобиль жолын орташа жөндеу
20 Мәртөк ауылы Байғанин көшесі (Стрелковой-Новостройка көшесінен бастап) ауылішілік автомобиль жолын орташа жөндеу
21 Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, №1 Мәртөк орта мектебінің стадионын күрделі жөндеу
Темір ауданы
22 Шұбарқұдық кенті Қызылжар шағын ауданындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы
23 Шұбарқұдық кенті Қызылжар шағын ауданында Астана көшесі бойындағы автомобиль жолын салу
24 Шұбарқұдық кенті Қызылжар шағын ауданындағы Астана көшесінің 2 км жарықтандыру құрылысы
Ойыл ауданы
25 Ойыл ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы
26 Ойыл ауылындағы Көкжар көшесіндегі автомобиль жолын орташа жөндеу
27 Ойыл ауылы Желтоқсан көшесі бойындағы автожолды орташа жөндеу
28 Ойыл ауылы Шернияз көшесі бойындағы автомобиль жолын орташа жөндеу
29 Ойыл ауылы Бақаев көшесі бойындағы автомобиль жолын орташа жөндеу
30 Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның ғимаратын күрделі жөндеу
Хромтау ауданы
31 Дөң ауылындағы автомобиль жолын (көшелерін) орташа жөндеу
32 Ақжар ауылындағы автомобиль жолын (көшелерін) орташа жөндеу
33 Ақжар ауылындағы «Ангар типті» спорт кешенінің құрылысы
34 Ақжар ауылындағы ауылішілік автомобиль жолын қайта жөндеу
Шалқар ауданы
35 Бозой ауылындағы электр желілерін жаңарту
36 Бозой ауылдық округі Бозой ауылы Прохоренко көшесі автомобиль жолын орташа жөндеу

67 мың адамдықамтитын әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуды қарастыратын жобалар облыстың11 ауылындажүзеге асырылады.

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы – қолжетімді бағамен сапалы тұрғын үй салу болып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі194 млрд теңгеніқұрап, өткен жылғы деңгейден5,8%-ғаасты.1 млн шаршы метрден астам тұрғын үйпайдалануға берілді (өсім — 112,4%),бұл облыс үшінрекордтық деңгейболып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойыншажеке тұрғын үй құрылысы үшіноблыс бойынша1600-денастам жер учаскесі бөлінді, оларға305 кминженерлік-коммуналдық желілер жүргізілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  Ақтөбе қаласында және аудандарда(Ақтөбе қаласы – 2 үй, Темір – 1 үй, Мәртөк – 1 үй, Байғанин – 1 үй, Шалқар – 2 үй)7 жалға беру-коммуналдық тұрғын үйдіңқұрылысы аяқталды. Тұрғын үйдің жалпы алаңы22,7 мың шаршы метрдіқұрайды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша кезек бойынша, сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында(«ҚИК» ҰК» АҚ, «Бақытты отбасы», «ҚТҚЖБ»)1 302 отбасыкелесі санаттар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді:

–70азамат – «жетім балалар»;

–328азамат – «көпбалалы отбасылар»;

–463азамат – «халықтың әлеуметтік осал топтары»;

–433азамат – «мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері»;

–8азамат – «апатты деп танылған жалғыз тұрғын үй».

«Бақытты отбасы»бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері, 2019 жылы «ҚТҚЖБ»(Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі)АҚ-ы тарапынан қанағаттандырылған несиеге ие болған — мүгедек балаларды асырап немесе көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен толық емес отбасыларға бастапқы жарнаны жабу үшін166,3 млн теңгесомасына264 тұрғын үй сертификатыберілді.

Ағымдағы жылы«Бақытты отбасы»бағдарламасы наурыз-сәуір айларынан басталады деп күтілуде. Бағдарламаға қатысу үшін жолдама беру туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Аудан тұрғындары да осы бағдарламаға қатысып, облыс орталығындағы нарықтағы бастапқы немесе екінші деңгейлі тұрғын үй ала алады.

Жалпы, 2020 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен1 млн шаршы метрденастам тұрғын үй немесе9000-ғажуық пәтер салу, құрылыс жұмыстарының көлемін215 млрд теңгегедейін жеткізу жоспарлануда.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу үшін республикалық бюджеттен534пәтерге3,5 млрд теңгесомасында мақсатты трансферттер қарастырылған. Оның ішінде:

— халықтың әлеуметтік осал топтары үшін –373пәтер;

— аз қамтылған, көп балалы аналар үшін –161пәтер.

Сонымен қатар 2020 жылы122көпбалалы отбасына тұрғын үй сатып алу үшін1 млрд теңгекөлемінде қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік тұрғын үй құрылысына облигациялық қарыз түрінде7 млрдтеңгебөлінді, сондай-ақ алдағы республикалық бюджетті нақтылау барысында қосымша11 млрд теңгекөлемінде қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысының тұрғындарын жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жаңа жер учаскелерімен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы «Нұрлы жер»бағдарламасы аясында563километр инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым салу жоспарлануда, бұл 2019 жылмен салыстырғанда,1,5 есе артық.

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Қазіргі уақытта облыстың электр энергиясымен қамтамасыз етілуі100%-дықұрайды.

2019 жылы инвестициялық бағдарлама аясында жалпы сомасы1,2 млрд теңгеніқұрайтын жұмыстар атқарылды.

Энергия объектілерінің тозуын төмендету мақсатында жөндеу қоры аясында 2019 жылы646,4 кмэлектр беру желілері мен221трансформаторға жөндеу жүргізілді.

2020 жылы бекітілген инвестициялық бағдарламаға және құрал-жабдықтарды жөндеу қорына сәйкес1,8 млрд теңгегеіс-шаралар жоспарланып отыр.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту мақсатындаҚарғалы ауданында қуаты48 МВтжел электр станциясы пайдалануға берілді.

Бұл «жасыл энергия» өндіру бойынша ірі жобаныEniитальяндық инвесторыGeneral Electric компаниясыменбірлесіп іске асырды, ЖЭС құрылысын «Arm Wind» ЖШС жүргізуде. Инвестиция көлемі шамамен100 млндолларды құрады(немесе құрылыстың басталуына 33 млрд теңге).

2020 жылы осы инвестициялық жобаныңекінші кезеңініске асыру жоспарлануда.

Өңірдің тұтынушыларын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету және энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін 2019 жылы«2030 жылға дейін перспективаға Ақтөбе облысының 35-500 кВ электр желілерін дамыту жоспары»әзірленді.

Ақтөбе қаласын қосымша қуаттылықпен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды іске асыру шеңберінде «Батыс Транзит» АҚ-мен келесі тәртіппен электр беру желілерін салу туралы келіссөздер жүргізілуде.

І кезең – «Өлке» ҚС-дан «Еуразия Ақтөбе АЭА» ҚС-ғадейін 220 кВ желілерін салу.

ІІ кезең –Ақтөбе қаласын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететінҚС-да айналмамен «Ақтөбе АЭА» ҚС-дан «Еуразия Ақтөбе АЭА» ҚС-ғадейін 220 кВ желілерін салу.

Және ағымдағы жылы Ақтөбе қаласында 2017 жылы басталған Ақжар-2 ПС220/110/35/10кВ кеңейтілуі жобасы және «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында салынатын Восточная ПС 110/10кВ құрылысы мен ВЛ-110 кВ алаңнан тыс электржабдықтау жүйесінің жобаларын аяқтау жоспарлануда.

***жыл ішінде жаңа жобаларды (құрылыс, қайта құру және т.б.) іске асыру мәселелері қосымша пысықталатын болады.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ

Халықтысапалы ауызсуменқамтамасыз ету өмірлік маңызды мәселе болып табылады.

2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тұрғындарды орталық сумен қамтамасыз ету94,6%-дан 95,2%-ғаартты. 2019 жылы облыстың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту аясында барлығы7 жобаіске асырылды.

2020 жылы кемінде18сумен жабдықтау жобасын іске асыру жоспарланған, бұл халықтың қамтылуын95,7%-ғадейін арттыруға мүмкіндік береді.

№ 2020 жылы іске қосу мерзімімен сумен жабдықтау және
су бұру объектілерінің құрылысы
Ақтөбе қаласы
1 Заречный-1 кентіндегі сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту
2 Елек су жинағыштарының сол жақ және оң жақ жағалауын кеңейту
3 Қарғалы ауылындағы су құбыры желілерін және құрылыстарын қайта жаңарту
Әйтеке би ауданы
4 Аралтоғай ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
5 Ақкөл ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
6 Сұлукөл ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
7 Сарат ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
8 Толыбай ауылындағы су құбырын салу
Ырғыз ауданы
10 Ырғыз ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту
Мәртөк ауданы
11 Родниковка ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және кеңейту
Мұғалжар ауданы
12 Ембі қаласындағы биотазартқыш құрылыстарын қайта жаңарту
Темір ауданы
13 Тасқопа ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы
14 Кеңқияқ ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту
Ойыл ауданы
15 Ақшатау ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
16 Саралжын а/о Ақкемер ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
17 Қайыңды а/о Көсембай ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
Шалқар ауданы
18 Мөңке би ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы
19 Шалқар қаласындағы М.Шманұлы ауылын дамыту аймағында су құбыры желілерінің құрылысы

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының ең өзекті деген мәселелерді шешу бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде:

Бірінші — ауызсу тапшылығының алдын алу:

– жалпы құны 1,9 млрд теңге тұратынЕлек су тоғанын(14 ұңғыма)кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– Құндақтықыр су тоғанын кеңейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде(8 ұңғыма). Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылы басталады деп жоспарланған.

– Сарыбұлақ су тоғанында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Іздестіру-барлау жұмыстарын ағымдағы жылы бастау жоспарланып отыр.

– Моисеев бас тоғанында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу.

Жоғарыда көрсетілген барлық жобалар іске асырылғаннан кейін Ақтөбе қаласына қосымшатәулігіне 126,5 мың текше метр суберілетін болады және бұл40 жылғатұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екінші – кәріздік-тазарту құрылыстары(бұдан әрі-КТҚ).

Қазіргі КТҚ жабдығының тозығы жетуіне байланысты бүгінгі күні жаңа КТҚ құрылысы қажет.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен бірлесіп, «Ақтөбе қаласында КТҚ құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама одан әрі дайындай отырып, ТЭН(техника-экономикалық негіздеме)әзірленуде.

Осыған байланысты, инвесторлармен жаңа кәріздік тазарту құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілуде.

***жыл ішінде жаңа жобаларды (құрылыс, қайта құру және т.б.) іске асыру мәселелері қосымша пысықталатын болады.

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Жергілікті атқарушы органдар жұмыс басымдықтарының бірі  тұрғындарды газбен қамтамасыз ету болып табылады.

Облыстың газ құбырларының жалпы ұзындығы6 720 кмқұрайды. Облыстың315елді мекенінің113-і(35%)газдандырылған, онда792 мыңнан астам адамнемесе облыс халқының90,1%-ытұрады.

2019 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен жалпы құны5,7 млрд теңгекөлемінде21 газбен жабдықтау жобасыжүзеге асырылды. Нәтижесінде8200 адамнанастам халқы бар16 елді мекенгазбен жабдықталды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша халықты қамтамасыз ету көрсеткіші1,6%-ғаартты.

Қазіргі уақытта жалпы құны2,2 млрдтеңгеболатын11 газбен жабдықтау жобасыіске асырылуда. Жобаны аяқтау 2020 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Нәтижесінде6000 мың халқыбар6елді мекен газдандырылады.

№ Аяқталуы 2020-2021 жж. жоспарланған

 

11 газбен жабдықтау бойынша жобалар:

Әйтеке би ауданы
1 Талдысай ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
Алға ауданы
2 Тікқайың (Ивановка), Көктоғай (Голубиновка), Қарақобда ауылдарына газ құбырларын жеткізу  құрылысы
3 Тікқайың (Ивановка) ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
4 Көктоғай (Голубиновка) ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
5 Қарақобда ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
Байғанин ауданы
6 Жарлы ауылына газ құбырларын жеткізу  құрылысы
7 Жарлы ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
8 Кемерши ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
Ырғыз ауданы
9 Ақши ауылына газ құбырларын жеткізу құрылысы
10 Шеңбертал ауылына газ құбырларын жеткізу құрылысы
11 Құрылыс ауылына газ құбырларын жеткізу құрылысы

Сонымен қатар облыста «Бұқара-Орал» МГ газ құбыры-бұруға шамадан тыс жүктеме болуына, сондай-ақ Жаңажол ГӨЗ-нан «Жаңажол-Ақтөбе» МГ желісі тозуына, газға сұраныстың болжамды өсуіне байланысты газ тапшылығы бар екенін атап өту қажет.

Осыған байланысты қазіргі уақытта әкімдік Үкіметпен бірлесіп«Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында магистральды газ құбыры-бұру 3 желісінің құрылысы»жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ«Ақтөбе қаласында «Жаңажол – Ақтөбе» МГ 2-тармағының құрылысы»жобасын іске асыру жоспарлануда. 2-ші желінің құрылысы 135 елді мекенде халық саны 187 000 адамнан асатын Мұғалжар, Байғанин, Темір, Ойыл, Алға аудандарын үздіксіз газбен жабдықтау үшін жағдай жасайды.

***жыл ішінде жаңа жобаларды (құрылыс, қайта құру және т.б.) іске асыру мәселелері қосымша пысықталатын болады.

АВТОЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Автомобиль жолдарының сапасы және қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету өңірдегі ең өзекті және халық талқылайтын мәселелердің бірі болып табылады.

2019 жылы облыстың автожол саласын дамытуға19,7 млрд теңгебөлінді, оның есебінен347,1 кмжол жөнделді.

Бұл ретте қолданыстағы жол қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін  жаңа«ресайклдеу»– жолдарды жөндеу инновациялық әдісін пайдалану жалғастырылуда. Бұл қайта жаңарту, жөндеу және шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында911жұмыс орны ашылды.

2019 жылы18 көліктік инфрақұрылымдықжобаныжүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен9,3 млрд теңгебөлінді және жергілікті бюджеттен1,7 млрд теңгеқосымша қаржыландырылды. Соның есебінен3,7 кмавтомобиль жолдары салынды және қайта жаңартылды, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар265,5 кмавтожол жөнделді.

2020 жылы55,9 млрд теңге сомасынаоблыстың636 кмавтомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған, оның ішінде жергілікті маңызы бар480 кмавтомобиль жолдарын23 млрд теңге сомасынажәне 2017 жылы басталған республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау автожолының156 кмучаскесін32,9 млрд теңге сомасынажөндеу жоспарланған.

Ағымдағы жылы «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» автожолы мен Сельмаш ауданындағы жол өтпесін қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау, Ақтөбе-Орск автожолының 8-16 км учаскесін қайта жаңартуды және Ойыл-Қараой, Шалқар-Бозой және т.б. жол учаскесін орташа жөндеуді аяқтау жоспарлануда.

***жыл ішінде жаңа жобаларды (құрылыс, қайта құру және т.б.) іске асыру мәселелері қосымша пысықталатын болады.

Қоғамдық көлікке келер болсақ, бүгінгі күні Ақтөбе қаласында «Автопарк» ЖШС және «ПАТП» ЖШС тасымалдаушылары52маршрутқа қызмет көрсетеді,400-денастам автобус жұмылдырылады.

Ақтөбе қаласының қоғамдық көліктеріндеэлектронды билеттеудіенгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде «ПАТП» ЖШС90автобусқа стационарлық валидаторлар орнатты, бұл жалпы парктің80%-ынқұрайды.

Сондай-ақ, «Автопарк» ЖШС электронды билеттеуді енгізуге кіріседі.

Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар Ақтөбе-Шалқар теміржол бағытын субсидиялауға330 млн теңгебөлінді. Осылайша, Шалқар ауданы тұрғындарының вагондардың санын көбейту туралы өтініші қанағаттандырылды.

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ2019 жылы облыстың коммуналдық меншігіне берілді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Мәскеу қалаларына тұрақты рейстерді отандық және«Аэрофлот»авиакомпаниялары жүзеге асырады.

Түркияның Анталия, Мысыр елініңШарм Эль Шейхқалаларына  чартерлік авиатасымалдар жүзеге асырылады.

2019 жылы жолаушылар саны463 мың адамдықұрап, 2018 жылмен салыстырғанда52 мың адамға немесе 12,6%-ға артты.Тасымалданған жүк көлемі3,2 есеге артып, 5 мың тоннанықұрады.

Ағымдағы жылы «Ақтөбе» әуежайының транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінеркіндіктің бесінші деңгейінұсыну жоспарлануда. Ақтөбе әуежайының дамуы жолаушылар мен жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл көлік тораптарының түйіскен жерінде орналасқан аймаққа осы бағыттағы дамуға жаңа серпін береді.

Жаңа әуе маршруттарды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық авиакомпанияларымен, оның ішінде«FlyArystan»әуе компаниясының өкілдерімен жұмыс жүргізілуде.

Облыс үшін маңызды мәселелердің бірі — Әйтеке би ауданында«Үшқатты-Союзное РФ»,Қобда ауданында«Жиренқопа-Первомайское»Шалқар ауданында«Бозой-Нөкіс» үш халықаралық автомобиль өткізу пункттерінашу. Бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін айтарлықтай арттыруға, көлік ағынын қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.

Пункттердің ашылуы аймақтың қосымша экономикалық өсуін0,3%деңгейінде қамтамасыз етуге, ЖӨӨ құрылымындағы көлік үлесін9-дан 14%-ғадейін арттыруға, сондай-ақ Ресеймен және Орталық Азия елдерімен елдің тауар айналымын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Мемлекет өмірінің негізгі салаларын, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру — бүгінгі күннің талабы және алдымызда тұрған өзекті мәселелердің бірі.

Цифрлық технологиялардықолдана отырып, бір терезе қағидаты бойынша Ақтөбе қаласындаХалықтық кеңсетабысты жұмыс істейді, онда600-ден астам қызметкөрсетіледі. Осындай жобалар облыстың әр ауданында іске асырылуда.

2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің80%-ыэлектрондық форматқа ауыстырылды, ал2020 жылыбұл көрсеткішті90%-ғажеткізу жоспарлануда.

Интернетке қолжетімділікке келетін болсақ, бүгінгі таңда облыс халқының80%-ы10 Мбит/с-тан астамжоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

2021 жылға қарай талшықты оптикалық байланыс желісі және LTE(ұялы байланысқа арналған жоғары жылдамдықты сымсыз интернет)технологиялары бойынша сапалы интернетпен қамтылған облыс халқының үлесін93%-ғадейін арттыру жоспарланып отыр.

Интернет сапасының жақсаруыбарлық салаларда цифрландыру деңгейін жаппай дамытуғасептігін тигізеді.

Бүгінгі таңдабалабақшаларда, мектептерде, колледждерде және ауруханалардаөтініш қабылдаудан бастап жолдама беруге дейінгі барлық қызметтерді есепке алутолық автоматтандырылған.

2020 жылы төмендегідей жұмыстар жүргізілетін болады:

– барлық шұғыл қызметтерді біріктіретін Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік«112»қызметін құру (қоңырау шалу уақытын 10 секундқа дейін қысқартады; қызметтердің әрекет етуі 10 минуттан 5 минутқа дейін);

–тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмысын бақылау жүйесін құру(Бұл жүйе тұрғын үй-коммуникалдық шаруашылық қызметінің әр қызметкерін бақылауға мүмкіндік береді және төлем тек атқарылған жұмыстар бойынша ғана жүргізілетін болады);

– фото-бейнетіркеу және құқықбұзушылықтарды анықтау жүйесін іске қосу;

– Ақтөбе қаласын ақылды жарықтандыру.

Бүгінгі таңда цифрландырудың аса өзектілігін ескере отырып, облыс басшылығы аталған саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Бүгінгі күні бұл бағытта тез арада толықтыру қажет ететін олқылықтар да жетеді.

ЭКОЛОГИЯ

Облыстағыэкологиялық жағдайоблыс тұрғындарының алаңдаушылығын туғызуда. Бұл салада Үкіметтің және облыстың белсенді тұрғындарының, еріктілердің көмегімен шешілетін бірқатар проблемалар бар.

Көкжиде жерасты көліне қатысты көптеген мәселелер көтерілді.

Осы ретте 2019 жылы «Көкжиде-Құмжарған» ерекше қорғауға алынған табиғи аумағы құрылған болатын. Тұрақты негізде Көкжиде жерасты және жерүсті суларына мониторинг жүргізілуде.

Ақтөбе қаласындағы жағымсыз иістің басты көздерінің бірі – қалалық кәріз-тазарту құрылыстарының қанағаттанарлықсыз жағдайы.Осыған байланысты оларды модернизациялау жөніндегі жобаны әзірлеп, оны іске асыруды 2020 жылдан бастауды жоспарлап отырмыз(құны — 16,9 млрд теңге).

Алға химия зауытының қалдықтарын жоюҮкімет көмегімен шешілуде, бұл мақсаттағы жұмыстарға биылғы бюджеттен қаражат қарастырылған.

Шалқар көлінің түбін лайдан тазарту бойыншаҮкіметтің қаулы жобасы әзірленуде, ол  одан әрі пысықталатын болады(шамамен құны —3,1млрд теңге).

Облыстық бюджет аясында 2020 жылға Қобда ауданының Қобда, Байғанин ауданының Қарауылкелді және Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдарында3 тұрмыстық қатты қалдықтар полигонынсалуға450 млн теңгекөлемінде қаржы бөлінді.

Аталмыш жобаларды іске асыру экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ойыл, Ырғыз, Комсомол және Қарабұтақ ауылдарында  тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигондарын салу мәселесі жоспарлы түрде қарастырылуда.

Қарғалы, Елек, Бұтақ өзендерінің арналарын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу мәселелері Ақтөбе қаласы тұрғындарының ерекше алаңдаушылығын туғызып отыр. Қазіргі таңда әкімдік Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша шаралар қабылдауда. Жұмыстарды одан әрі жүргізу жұртшылық пен сарапшылардың пікірін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Халықты жұмыспен қамту — барлық деңгейдегі әкімдер қызметінің басты міндеті. Бұл бағытта келесі жұмыстар атқарылды:

2019 жылы21 138жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде58%-ы тұрақты.

Өңірденәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытубағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда, оның негізгі мақсаты — өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты белсенді экономикалық қызметке барынша тарту.

2019 жылы36 035 адамдыжұмыспен қамту жоспарланған болатын. Жұмыс артығымен орындалды.43 132  адам жұмысқа орналасты.

Бағдарлама аясында қолдау шараларымен2,9 мыңнан астам адамқамтылды, оларқажетті мамандықтарбойынша оқуға жіберілді.

Жалпы қабылданған шаралардың арқасындажалпы жұмыссыздықты 4,8%(2019 ж. 3-тоқсан),алжастар жұмыссыздығын 3,3%(ҚР – 3,8%)деңгейінде ұстап қалу мүмкін болды.

2019 жылға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту бойынша квота1670бірлікті құрады, жыл қорытындысы бойынша978азаматқа рұқсат берілді, яғни квота58%-ғапайдаланылды.

2020 жылға квота бойынша шетелдің жұмыс күшін  тарту1305бірлікке дейін төмендеді. Бүгінгі таңда85жұмыс беруші тарапынан32 890қазақстандық қызметкерлер тартылған, бұл — олардың жалпы санының97%-ы.

2020 жылы 4-санат бойынша(білікті жұмысшылар)шетелдік жұмыс күшін тартуға квота толық қысқартылды.

Биыл облыстың жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары аясында36 000-нанастам адамдыжұмыспен қамту, кем дегенде21 000жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

БІЛІМ

Бұл салада нақты міндет — білім беру сапасын арттыру.

Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойыншаоблыста белгіленген барлық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Білім беру саласына облыс бюджетінің35%-ы(96,8 млрд теңге)бөлінеді.

2019 жылы2000орындық21балабақша пайдалануға берілді, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен100%қамтуға мүмкіндік берді. Балабақшаға жолдаманы тіркеу және беруэлектрондық форматқаауыстырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалардың тамақтануы үшін70%жеңілдік төлеу мәселесі шешілді.

Болашақ мамандарға белсенді қолдау көрсетілуде. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен280грантбөлініп, оның ішінде180грант атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға берілді.

Пайдалануға берілген12мектеп5 үш ауысымды, 7 ескі және апатты жағдайдағымектептер проблемасын шешуге мүмкіндік берді.

Апатты жағдайдағы мектептердің ғимараттарын қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге және жаңғыртуға көп көңіл бөлінеді, сондай-ақ20 мектепкезаманауи жабдықтармен жарақтандырылған73 пәндік кабинетсатып алынды.

27колледжде214кәсіпорынның қатысуымен38мамандық бойынша дуальды оқыту әдісі енгізілуде.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерді бейнебақылау жүйесімен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мектептер62%-ғажабдықталды. Бұл мақсатқа 2020 жылы300 млн теңгебөлу қарастырылған, бұл барлық мектептерді бейнекамералармен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері арнайы орта білім алатын колледж студенттерінің шәкіртақысы25%-ғаартты. Бұл біздің7000студент үшін үлкен қолдау болады.

2020-2022 жылдары2,5 млрд теңгегеоблыстың68мектебінің254кабинетін жабдықтау жоспарланған.

2020 жылы мемлекеттік-жекешелік серіктестік механизмі арқылы Ақтөбе қаласының автожол, медицина және политехникалық колледждерінің(500-ден астам орын)студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ,үш ауысымдыжәнеапаттыжағдайдағымектептерді жою, оқушы орындарының жетіспеушілігін жою үшін1880 орындық 5мектеп пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар жан басына қаржыландыру аясында ағымдағы жылы Батыс-2 ауданындажеке инвестицияларесебінен2мектептің(1800 орындық)құрылысы жүргізілуде.

ТжКБ (Техникалық және кәсіби білім) жүйесі оқу орындарыныңматериалдық-техникалық базасын нығайтуғабағытталған«Жас маман»жобасын іске асыру үшін1,6 млрд теңгебөлінді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ

Облыста денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа медициналық мекемелер салынып, жұмыс жасап тұрған емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығаюда, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы жоғарылауда.

Облыс тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін«Денсаулық»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру сәтті аяқталуда.

Соңғы3жылда өңірде жалпы құны11 млрд теңгеденастам 30медициналық мекеме салынды. Олар жедел медициналық жәрдем станциясы,«Дару жарығы»офтальмологиялық клиникасы, ауылдық жерлердегі22денсаулық сақтау нысаны(12 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт).

Жылдан-жылға медициналық мекемелерді заманауиинновациялық медициналық жабдықтарменжабдықтау жақсаруда.

Облыста батыс аймақтағы ең іріөңірлік медициналық кластер —  600 орындық«Aktobe medical center» көпбейінді ауруханасы жұмыс жасайды.

Осының барлығы облыстың негізгі демографиялық көрсеткіштерінің жақсаруына негіз болды. Соңғы 3 жылда облыста халықтың өмір сүру ұзақтығы72-ден 73,4жасқа дейін, бала туу  4,9%-ғаөсті, жалпы өлім-жітім5,7%-ғатөмендеді.

2020 жылы облыстық перинаталдық орталық пен облыстық балалар ауруханасын біріктіру жолыменана мен баланың жаңа орталығынашу жоспарлануда. Онда босанғанға дейін бақылау-медициналық-генетикалық зертханасы мен Экстра-корпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) орталығы бар әйелдер консультациясы, жаңа туған нәрестелерді күтуге арналған перзентхана және неонаталдық блок, әйелдер мен балаларды босанғаннан кейінгі бақылауға арналған бөлімше ұйымдастырылады.

Біріктіру жолымен ашылған орталық жедел емдеуді қажет ететін туа біткен даму кемістігі бар балаларды неонатальды немесе кардиохирургияға дереу аударуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ауылдарда кадр тапшылығын азайту мен сапалы медициналық көмек көрсетуді қолжетімді ету мақсатында биыл50 дәрігергежергілікті бюджеттен тұрғын үй сатып алу үшін әрқайсысына1,5 млнтеңгеденқаржы бөлінді.

Осыған қарамастан, облыс тұрғындарының жедел жәрдем қызметінің шақыртуларға жедел әрекет ету жұмысына ескертулері бар екенін атап өткен жөн.

Бұл мәселе облыс басшылығының бақылауында және жұмысты жақсарту бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

Мемлекетіміздің стратегиялық бағыттарының бірі — спорт мекемелерінің желісін кеңейту және халық арасында денешынықтыруды дамыту.

2019 жылы жүйелі түрде денешынықтырумен және спортпен айналысатын халық31,4%-дан 31,8%-ғадейін артып,278,3мың адамды құрады.

2019 жылы ақтөбелік спортшылар әлем чемпионаттарының7медалін, Азия чемпионаттарының8медалін, Қазақстан чемпионаттарының95медалін, Қазақстан Республикасының5-шіжазғы спартакиадасының85медалін жеңіп алды.

1500-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара(60 000-нан астам адамның қатысуымен), оның ішінде10халықаралық және20республикалық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізілді.

Облыста алғаш ретХ республикалық жазғы Универсиадаөтіп, оған2 мыңнан астамстудент-спортшы қатысты.

40 елден 200-денастамспортшы қатысқан қазақ күресінен әлем чемпионаты, ұлттық спорт түрлерінің5-шіреспубликалық фестивалі өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. 2019 жылдың қыркүйегінде 5-ші республикалықПаралимпиадалықойындар өтіп, оған еліміздің17өңірінен1000-нан астамадам қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командалар қатарына мүмкіндігі шектеулі69адам алынды.

Спорт ғимараттарының құрылысы белсенді жүргізілуде. Мәртөк ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. 2020 жылыЫрғыз, Қарғалы, Әйтеке би, Байғанин, Темір және Хромтауаудандарында бұрын басталғанденешынықтыру-сауықтыру кешендерініңқұрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар аудандарда «Ауыл орталығы» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында иппотерапия әдісімен дене мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту және емдеу үшін ат қорасы бар жабық манеж құрылысын аяқтау жоспарлануда.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІ ДАМЫТУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста түрлі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар мен жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жергілікті бизнес тарапынан қайырымдылық пен меценаттық мәдениет дамуда.«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ»акциясы аясында бюджеттен тыс қаражатқа жалпы сомасы

1 млрд 555 млн теңгеге 620жоба іске асырылды.

«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ»арнайы жобасы аясында облыстың жоғары оқу орындары  аударылған48кітаптың20 000данасын алды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде14жаңа білім беру пәні енгізілді.«Жұбанов кітапханасы»сериясы аясында жоспарланған ақтөбелік ғалымдардың 100 ғылыми-зерттеу жұмысының 22-сіжарық көрді.

Тарихи сананы дамыту және балалардың туған өлкесі туралы білімдерін арттыру мақсатында республика бойынша үздік деп танылған«Өлкетану»оқулығы жарық көрді. Өңірдің барлық мектептері осы оқулықтармен қамтамасыз етілген.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ГЕОГРАФИЯСЫ»арнайы жобасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратында5жаңа зал ашылды, экспонаттардың жалпы саны100 мыңнанасты. Облыстың32сакралды ескерткішінің3Dмоделін әзірлеу,47ескерткішкеQR-кодорнату жұмыстары, облыс аудандарында археологиялық қазбалар, Санкт-Петербург, Орынбор және т.б. қалаларында архивтік зерттеулер жүргізілуде.

Айта кету керек, Ақтөбе археологтары 2019 жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Темір ауданының Тасқопа елді мекеніне жақын жерден археологтар алтын бұйымдармен әшекейленген, бай-қымбат киіммен жерленгенсармат көсемінің қорғанынтапты. Табылғанқорған біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырғажатады. Қазіргі уақытта табылған заттар ғылыми зерттеулерге бағытталған.

15 000оқушы Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсияға барды. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ бастамасымен«Жұбановтан-Абайға»ғылыми-танымдық экспедициясы ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін облыстық тарихи-өлкетану музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық музейінің көрмесі ұйымдастырылады. Ол Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін, Шығыс классиктерінің сирек басылымдарын, батыс философтарының шығармаларын, ақын замандастарының естеліктерін сипаттайтын түпнұсқа құжаттармен, этнографиялық және архивтік материалдармен танысуға мүмкіндік береді.

«ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ»арнайы жобасы аясында«Бақытты бала»халықаралық балалар байқау-фестивалі өткізілді, оған7елдің(Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Түркия, Греция, Ресей Федерациясы)балалары мен жасөспірімдері қатысты.

2019 жылы облыстың шығармашылық ұжымдары11елге(Түркия, Люксембург, Бельгия, Ресей, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан, Украина, т.б.)гастрольдік сапарларын жүзеге асырды.

«Әдеби өлкетану»жобасы аясында«Ақтөбе кітапханасы»кітаптар сериясын басып шығару аяқталды. Оған ақтөбелік ақындар мен жазушылардың50 томдықең үздік шығармалары кірді(бұрын 23 том шығарылды).

2019 жылдың қараша айында Ақтөбе қаласында белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуыменреспубликалық әдеби форумөтті.

2019 жылы барлығы28,5 мыңмәдени іс-шара өткізілді.

2020 жылы кемінде29 мыңмәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда.

Бірқатар мәдени және тарихи жобаларды іске асыру жоспарлануда:

– облыстық кітапхананың жобалық-сметалық құжатын әзірлеу;

– «Хан моласы» мемориалдық кешенінің аумағын абаттандыру;

– Досжан ишан мешітін қайта жөндеуді аяқтап, мәдени-танымдық кешен түрінде жасақтау жұмыстарын жүргізу;

– Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың жаңа музейінің құрылысы және т.б.

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

Өздеріңіз білетіндей, өткен жыл «Жастар жылы» деп аталды. Бұл жастардың әлеуетін іске асыруға серпін берді.

Қазіргі уақытта жастар саны202,7мыңадамды немесе облыс халқының жалпы санының23,3%-ынқұрайды.

Басты міндет — жастардыжұмысқа орналастырукезінде қолдау көрсету.

2019 жылы17 682адам жұмысқа орналастырылды(бос жұмыс орындарына – 9895; жастар тәжірибесіне – 3261; әлеуметтік жұмыс орындарына – 527; уақытша қоғамдық жұмыстарға – 3999).65бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Өңірде жастар бағдарламалары мен жобалары белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.

«Жас кәсіпкер»және«Бастау Бизнес»жобалары аясында2646адам оқытылды, сонымен қатар224жас кәсіпкер шағын несие алды.

«Жасыл ел»бағдарламасы бойынша4604адам жұмыс жасады.

«Дипломмен — ауылға»бағдарламасы бойынша525жас маман ауылдық жерге жұмысқа орналасты.

Тұрғын үй бағдарламасыаясында100жас отбасы мен мамандар баспана алды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қолдауымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған45жасқа тұрғын үй алу үшін жалпы сомасы14 млн теңгеніқұрайтын бастапқы жарнаны төлеу бойынша көмек көрсетілді.

2020 жылы«Дипломмен – ауылға»бағдарламасы аясында273маманға тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы1,1 млрдтеңгеге бюджеттік несие және400маманға жалпы сомасы106 млнтеңге көлемінде көтерме жәрдемақы беру жоспарлануда.

Жастарды қолдау тек жастардың жылымен шектелмейді, бұл бастама жүйелі және тұрақты жүзеге асатын болады.

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Құқық қорғау органдары өкілдерімен бірлескен жұмыстың арқасында 2019 жылдың қорытындысы бойынша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және алдын алу шаралары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, облыста 2016 жылдан бері өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін нақты шешуге бағытталған«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»жобасы жүзеге асырылуда.

2019 жылы 3 «десант» аясында Ақтөбе қаласы мен аудандарда2300іс-шара өткізіліп,94мыңадам қамтылды,1720адамға нақты көмек көрсетілді.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, өткен жылы 191 азамат деструктивті діни ағым әсерінен арылып,  дәстүрлі дін арнасына бейімделді.

Осы жобаны іске асыру және құқық қорғау органдарының жедел жұмысының нәтижесінде тұрғындар арасында қылмыс деңгейін төмендетуге қол жеткізілді.

Полиция органдарын қаржылық қолдау — қоғамдық тәртіпті қорғауда маңызды фактор. Мәселен, полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға1,2 млрдтеңге бөлінді.

Нәтижесінде, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны23%-ғаазайды(14649-дан 11279-ға дейін).

Сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны35,1%-ға(7523-ден 4884-ке дейін)төмендеді, оның ішінде көшелердегі қылмыстар –42,1%(3381-ден 1957-ге дейін).

Мұндай қылмыстардың алдын алу немесе жасалған қылмыстарды ашу үшін бейнебақылау жүйесін орнату керектігін атап өту қажет. Ағымдағы жылы бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

Ауыр қылмыстардың ашылуы16,5%-ға(55,4%-дан 71,9%-ға дейін), аса ауыр қылмыстардың ашылуы16,1%-ға(73,9%-дан 90,0%-ға дейін),кісі өлтіру қылмысы –20,7%-ға(67,3%-дан 88,0%-ға дейін), ұрлық қылмысы –58%-ға(14,6%-дан 73,4%-ға дейін), бұзақылық –17,9%-ға(71,2%-дан 89,1%-ға дейін)жоғарылады.

Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған балалар жасаған қылмыстар10,3%-ғаазайды(146-дан 131-ге).

Дегенмен бұл салада шешілмеген мәселелер аз емес. Мәселен,жол-көлік оқиғаларыныңсаны35,3%-ғакүрт өсті, кәмелетке толмағандар арасында немесе оларға қатысты, соның ішінде суық қаруды қолдану арқылы резонанстық қылмыс фактілері жиілеп кетті.

Құқық қорғау органдарының, әсіресе полиция қызметкерлері осы бағыттар бойынша жұмысты күшейтіп, халықпен және қоғаммен өзара белсенді іс-қимыл жасауы қажет.

Біз облыстың әрбір тұрғыны мен қонағы кез келген уақытта және кез келген жерде өздерін қауіпсіз сезінуіне  жағдай жасауымыз керек.

***

Негізінен алғанда, 2019 жылдың қорытындысы осындай.

Үстіміздегі жылғы міндеттерге қол жеткізу үшін бәсекеге қабілетті артықшылықты пайдалана отырып, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуіміз қажет.

Жоғарыда аталған жоспарлар мен жобалардан басқа, жыл ішінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткір мәселелер — инфрақұрылымдық проблемаларды шешу, жаңа жобаларды іске асыру, жобалау-сметалық құжаттамалары дайын болуына сай мәселелер қосымша пысықталатын болады. Осы жобаларды қаржыландыру бюджеттерді нақтылау  бойынша сессияда шешілетін болады.

Сондай-ақ 2020 жылы көптеген мерейтойлық және қоғамдық-саяси іс-шараларды атап өту керек. Олардың ішінде ең маңыздысы — Абайдың — 175, Әль-Фарабидің —1150, Алтын Орданың — 750, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің — 75, Қазақстан Республикасы Конституциясының — 25, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына және Еріктілер жылына арналған іс-шаралар.

Әлемдегі күрделі саяси және экономикалық ахуалды ескере отырып, қойылған міндеттерді орындау көп күшті талап етері анық.

Облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту атқарушы органдар мен тұрғындар арасында түсіністікпен бірлесіп атқарған жұмыстар нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. Алға қойған жоспарларымызды орындап, межелерімізге жетуге жұмыла кіріссек, келер жылғы жетістігіміз бен көрер қуанышымыз мол боларына үлкен сеніммен қарауға болады.

Жарияланған күні

04 ақпан 2020

Жаңарту күні

04 ақпан 2020