Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы Обл АСК қаулысы

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Ақтөбе қаласы                                   №19                      2020 жылғы 22 қазан

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округі Ақтөбе облысы аумағының шекараларында құрылсын.

2. Осы қаулы сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылсын.

Төраға                                                                                     Г. Күнбаева

Хатшы                                                                                    Е. Шангереев

Жарияланған күні

22 қазан 2020

Жаңарту күні

22 қазан 2020

Қызмет бағыты