eQyzmet - мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі
Жарияланған күні: 30 маусым 2025
Жаңарту күні: 30 маусым 2025
Көру саны:3784
eQyzmet – мемлекеттік қызметке кандидаттарды іріктеудің онлайн жүйесі. Ол кандидаттарды тіркеуден бастап, тестілеу, бағалау және құжат айналымын басқаруға дейінгі барлық процестерді автоматтандырады. Жүйе ашықтықты қамтамасыз етіп, кандидаттардың біліктілігін әділ бағалауға мүмкіндік береді.
Іріктеу жүйесі барынша ашық, жеңілдетілген және қолжетімді. Қатысу үшін «eQyzmet» ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет. Іріктеуді қашықтықтан өтуге болады. Іріктеу туралы толық ақпаратты бейнероликтен көруге болады.