2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат
Көру саны:46
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметтердің 176 түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта - 161.
2023 жылы барлығы 11 млн. 288 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта – 11 млн. 160 мың қызмет көрсетіліп, барлық көрсетілген қызметтердің 98,9 % үлесін құрады (2022 жылы – 97,9%).
2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ЖАО-мен 120 ішкі бақылау іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 1727 заңбұзушылық анықталды.
Ең көп таралған заңбұзушылықтарға:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу - 173(2022 ж. - 543);
- Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету - 741(2022 ж. - 790);
- Артық құжаттарды талап ету - 2(2022 ж. - 100);
- Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту - 26(2022 ж. - 52);
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану - 1(2022 ж. - 6);
- Өзге заңбұзушылықтар - 784(2022 ж. - 2336).
Ішкі бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша 366 ұсыныс берілді, оның 86% орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету аясында бұзушылықтарға жол берілген үшін жауапты 59 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.