2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат
Көру саны:35
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметтердің 172 түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта - 161.
2022 жылы барлығы 9 млн. 250 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта – 9 млн. 107 мың қызмет көрсетіліп, барлық көрсетілген қызметтердің 97,9 % үлесін құрады (2021 жылы – 97,9%).
Ішкі бақылау
2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ЖАО-мен 160 ішкі бақылау іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 3445 заңбұзушылық анықталды.
Ең көп таралған заңбұзушылықтарға:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу - 543 (2021 ж. - 211)
- Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету - 790 (2021 ж. - 163).
- Артық құжаттарды талап ету - 100 (2021 ж. - 377).
- Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту - 52 (2021 ж. - 13).
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану - 6 (2021 ж. - 16).
- Өзге заңбұзушылықтар - 2336 (2021 ж. - 3112).
Ішкі бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша 581 ұсыныс берілді, оның 90% орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету аясында бұзушылықтарға жол берілген үшін жауапты 92 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.