2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат
Көру саны:5
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметтердің 174 түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта - 161.
2021 жылы барлығы 7 млн. 278 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта – 7 млн. 127 мың қызмет көрсетіліп, барлық көрсетілген қызметтердің 97,9 % үлесін құрады (2020 жылы – 97,4%).
Ішкі бақылау
2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ЖАО-мен 134 ішкі бақылау іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 3892 заңбұзушылық анықталды.
Ең көп таралған заңбұзушылықтарға:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу - 211 (2020 ж. - 843)
- Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету - 163 (2020 ж. - 1341).
- Артық құжаттарды талап ету - 377 (2020 ж. - 740).
- Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту - 13 (2020 ж. - 6).
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану - 16 (2020 ж. - 16).
- Өзге заңбұзушылықтар - 3112 (2020 ж. - 289).
Ішкі бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша 242 ұсыныс берілді, оның 220-ы орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету аясында бұзушылықтарға жол берілген үшін жауапты 63 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 12 лауазымды тұлғаға қатысты 729,3 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.