Ақтөбе облысындағы қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 1 наурызға тағайындау туралы хабар
Ақтөбе облысындағы қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 1 наурызға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 4 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 7 қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауды 2026 жылғы 1 наурызға тағайындады:
- Әйтеке би ауданында әкім сайлауы:
- Сұлукөл ауылдық округінде
- Қарғалы ауданында әкім сайлауы:
- Велихов ауылдық округінде
- Мұғалжар ауданында әкімдер сайлауы:
- Ембі қаласында
- Құмжарған ауылдық округінде
- Талдысай ауылдық округінде
- Мұғалжар ауылында
- Ырғыз ауданында әкім сайлауы:
- Жайсаңбай ауылдық округінде
Бүгін 2026 жылғы 21 қаңтарда 4 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 7 қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Қала, ауылы, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 22 қаңтардан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.
57
21 қаңтар 2026 12:36
21 қаңтар 2026