Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2025 жылғы 30 наурызда Ақтөбе облыстың 6 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 19 кандидаттан барлығы 1 кандидатты жеке өтініші негізінде тіркелгенге дейін алып тастады.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 18 кандидаттың 6 саяси партиялар, 12 өзін-өзі ұсынған. Оның 16 ер адам, 2 әйел адам. Кандидаттар арасында 3 этнос өкілдері бар.
11 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 3 – партия қатарында жоқ, 4 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 41.
17 кандидаттың жоғары білімі, 1 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 8 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 8 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 2 - саяси партиялар қызметкерлері.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 29 наурызда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер:
- Ақтөбе облысының https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/documents/details/808606?directionId=67278&lang=kk
- Ақтөбе қаланың https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/documents/details/808621?lang=kk&parentId=7935
- Қобда ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda/activities/67250?lang=kk&parentId=67231
- Мұғалжар ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/808620?lang=kk&parentId=8922
- Шалқар ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/documents/details/808615?lang=kk&parentId=9380
191
05 наурыз 2025 18:12
05 наурыз 2025