Ақтөбе облысындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2024 жылғы 2 маусымға тағайындау туралы хабар
Ақтөбе облысындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл
және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2024 жылғы 2 маусымға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 6 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 1 қаланың, 1 ауылдың және 10 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 2 маусымға тағайындады:
- Әйтеке би ауданында әкімдер сайлауы:
1) Жабасақ ауылдық округінде
2) Құмқұдық ауылдық округінде
- Алға ауданында әкімдер сайлауы:
1) Қарақобда ауылдық округінде
2) Маржанбұлақ ауылдық округінде
- Байғанин ауданында әкімдер сайлауы:
1) Ащы ауылдық округінде
2) Жарқамыс ауылдық округінде
3) Миялы ауылдық округінде
- Қарғалы ауданында әкімдер сайлауы:
1) Бадамша ауылдық округінде
2) Степной ауылдық округінде
3) Шәмші Қалдаяқов ауылында
- Темір ауданында әкім сайлауы:
1) Темір қаласында
- Шалкар ауданында әкім сайлауы:
1) Шалқар ауылдық округінде
Бүгін 2024 жылғы 24 сәуірде 6 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстағы 1 қала, 1 ауыл және 10 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 25 сәуірден басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.
103
24 сәуір 2024 14:21
24 сәуір 2024