Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауын 15 қазан 2023 жылға дейін ұзарту туралы
Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауын 15 қазан 2023 жылға дейін ұзарту туралы
Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін
мерзімінен бұрын сайлауын 15 қазан 2023 жылға
дейін ұзарту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына және 113-7-бабының 1-тармағына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Кеңкияқ ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 15 қазанға дейін ұзартылсын.
- Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 18 қыркүйекте басталып, 2023 жылғы 20 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 24 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін сайлауын мерзімінен бұрын тағайындау туралы 30.08.2023 жылғы № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы аудандық «Темір» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылсын.
13
Жарияланған күні
18 қыркүйек 2023 12:22
Жаңарту күні
25 қыркүйек 2023
Түрі