Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданының
әкімін сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 12 қыркүйектегі Ақтөбе облыстық мәслихатының № 53 шешімі негізінде, Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын және Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төрағасы Б. Бисекенов
Хатшысы Н. Кенжебеков
№
15.09.2023ж.
|
|
|
|
55