ҮІІ шақырылымдағы Әйтеке би ауданы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытынды хабарламасы

ҮІІ шақырылымдағы Әйтеке би ауданы мәслихаты депутаттарының

кезекті сайлауының қорытынды хабарламасы

 

 

2021 жылдың 10 қаңтарында Әйтеке би ауданы аумағын қамтитын біртұтас сайлау округінде Әйтеке би ауданы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Әйтеке би ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 13 560 азамат енгізілді, оның ішінде 10 457 азамат сайлау бюллетендерін алды, бұл барлық сайлаушылардың 77,12 пайызы.

Әйтеке би ауданы бойынша сайлауда 10 306 азамат өз еркін білдірді, оның ішінде 0 азамат есептен шығару куәлігі арқылы дауыс берсе, 138 азамат дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде дауыс берді.

Әйтеке би ауданы мәслихаты депутаттарының сайлауына 4 саяси партия қатысты.

Сайлау қортындысымен саяси партияларға келесі көлемде дауыстар берілді:

- «Nur Otan» партиясына – 8070 дауыс немесе 79,44%;

- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына - 916 дауыс немесе 9,02%;

- «Aқ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына 985 дауыс немесе 9,70%;

- «ADAL» саяси партиясына 187 дауыс немесе 1,84%.

 

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жеті және одан да жоғары пайыз дауысын жинаған саяси партиялар арасында мандаттар бөлінісі келесі ретте анықталды:

- «Nur Otan» партиясы – 9 мандат;

- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат;

- «Aқ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1 мандат.

 

 

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Жарияланған күні

18 мамыр 2023 16:15

Жаңарту күні

18 мамыр 2023