Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындау туралы Хабар
Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2023 жылғы 12 ақпанға тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 5 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 6 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындады:
- Алға ауданында әкім сайлауы:
1) Қарақұдық ауылдық округінде
- Ырғыз ауданында әкім сайлауы:
1) Құмтоғай ауылдық округінде
- Қарғалы ауданында әкім сайлауы:
1) Кемпірсай ауылдық округінде
- Мұғалжар ауданында әкім сайлауы:
1) Батпақкөл ауылдық округінде
- Шалқар ауданында әкім сайлауы:
1) Қауылжыр ауылдық округінде
2) Шетырғыз ауылдық округінде
Бүгін 2023 жылғы 04 қаңтарда 5 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 6 ауылдық әкімдерін сайлау тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 05 қаңтардан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.
88
04 қаңтар 2023 19:18
04 қаңтар 2023