Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындау туралы Хабар
Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2022 жылғы 31 шілдеге тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындады:
- Алға ауданында әкім сайлауы:
1) Қарағаш ауылдық округінде.
- Ырғыз ауданында әкім сайлауы:
1) Қызылжар ауылдық округінде.
- Хромтау ауданында әкім сайлауы:
1) Тасөткел ауылдық округінде.
Бүгін 2022 жылғы 01 шілдеде аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 3 ауданында 3 ауылдық округ әкімдерін сайлауды тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2022 жылдың 31 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 02 шілдеден басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.
55
01 шілде 2022 18:10
01 шілде 2022