Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 19 маусымға тағайындау туралы Хабар
Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2022 жылғы 19 маусымға тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысының 3 ауданының аумақтық сайлау комиссиялары 3 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 2022 жылғы 19 маусымға тағайындады:
- Қарғалы ауданында әкім сайлауы:
1) Велихов ауылдық округі
- Мартук ауданында әкім сайлауы:
1) Хазірет ауылдық округі
- Хромтау ауданында әкім сайлауы:
1) Құдықсай ауылдық округі
Бүгін 2022 жылғы 19 маусымда аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 3 ауданында 3 ауылдық округ әкімдерін сайлауды тағайындалды.
Ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2022 жылдың 19 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 21 мамырдан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.
41
20 мамыр 2022 18:25
20 мамыр 2022