Ақтөбе облысындағы қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 7 маусымға тағайындау туралы хабар
Ақтөбе облысындағы қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 7 маусымға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 4 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауды 2026 жылғы 7 маусымға тағайындады:
- Темір ауданында әкім сайлауы:
- Қайыңды ауылдық округінде
- Хромтау ауданында әкімдер сайлауы:
- Құдықсай ауылдық округінде
- Тасөткел ауылдық округінде
- Ырғыз ауданында әкім сайлауы:
- Қызылжар ауылдық округінде
Бүгін 2026 жылғы 29 сәуірде 3 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 4 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 30 сәуірден басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.
28
29 сәуір 2026 09:40
29 сәуір 2026