Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы

Басқарма мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы жүзеге асырырады:

  • құрылыс нысандарының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;
  • салынып жатқан (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) және пайдалануға берілген объектілердің мониторинг жүргізеді;
  • кемшіліктерге жол берген, не болмаса кемшіліктерді қалпына келтірмеген заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдайды;
  • сәулет-құрылыс қызметі саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен нормативтік құқықтық актілердің бұзылуына жол берілгенде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
  • техникалық және авторлық қадағалау қызметіне бақылау жүргізеді;
  • тапсырыс берушінің (меншік иесінің) объектілердің құрылысы кезінде техникалық және авторлық қадағалау жасауды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылау жасайды;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
  • сәулет-құрылыс бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерді әзірлеуге қатысады;