Артқа

Қаратаева Амангүл Жаңбырбайқызы

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1990 жылғы 6 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2008 жылы Ақтөбе экономика және статистика колледжін «қаржы» мамандығы бойынша, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша, 2023 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе облысының статистикалық есептілік орталығының қаржы және шағын кәсіпорындар секторының маманы болып бастаған.

2011 – 2012 жж. - Ақтөбе облысының статистика департаментінің баға статистикасы басқармасының жетекші маманының м.а., ішкі әкімшілік басқару бөлімінің жетекші маманы.

2012 – 2015 жж. - Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының мемлекеттік сатып алу және құқықтық қатынастар бөлімінің бас маманы.

2015 – 2022 жж. - Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің басшысы, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және мониторингі бөлімінің басшысы, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің басшысы, жұмыстардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің басшысы, басшысының орынбасары.

2022 – 2026 жж. - Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы.

2026 ж. қазан айынан бастап - Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2021 жылы сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.