Мемлекеттік қызметкер болуға ниет білдіруші үміткерлермен кездесу өткізілді

Мемлекеттік қызметкер болуға ниет білдіруші үміткерлермен кездесу өткізілді

       Ағымдағы жылдың 24-25 қаңтары күндері мемлекеттік қызметкер болуға ниет білдіруші үміткерлермен кездесу өткіздім.

      Олардың қатарында Жексенбаев Ыбырай Жексенбайұлы мен Боран Эльмира Бериковна болды.   

      Кездесу барысында —  жас мамандардың бойындағы жауапкершілігі, мемлекеттік қызметшілердің келбеті мен құзыреттіліктері бағытында әңгімелесу өткізілді. 

        Сонымен қатар үміткерлерге, бүгінгі таңда - «Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланатындығы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңнамаларында белгіленген мансаптық модельдің жүзеге асырылуы және мемлекеттік қызметшіні сіңірген еңбегі мен жетістігі, қабілеті мен кәсіби даярлығына қарай мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету қағидатына сүйенетініміз, сондай ақ мемлекеттік қызметшінің жұмысының - ашықтық, жариялылық, әділдік принциптері жөнінде түсінік берілді.

Жарияланған күні

28 қаңтар 2022

Жаңарту күні

28 қаңтар 2022