2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің азаматтық бюджеті

2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің азаматтық бюджеті

Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсан  №214 қаулысына сәйкес құрылды.

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 2 (бөлім басшысы -1, бас маман – 1).

Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №467 шешіміне сәйкес бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9  бабына сәйкес:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917  теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.

 

№

Шығындардың атауы

ББӘ коды

Бөлінген қаражат, мың теңге

Ескертпе

1

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

465-001

10 044,0

 

2

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

465-004

3000,0

 

3

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)  деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

465-006

18 607,0

 

4.

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала)  құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

465-007

1563,0

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

03 наурыз 2021

Жаңарту күні

03 наурыз 2021

Қызмет бағыты