2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық қаржы бөлімінің азаматтық бюджеті

2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық қаржы бөлімінің азаматтық бюджеті

Ойыл аудандық қаржы бөлімі аудан әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №65 қаулысына сәйкес құрылды.

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 6 (бөлім басшысы -1, сектор меңгерушісі - 2, бас маман – 3 ).

Штаттан тыс қызметшілер саны – 1.

Ойыл аудандық қаржы бөлімінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №467 шешіміне сәйкес бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9  бабына сәйкес:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917  теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.

 

№

Шығындардың атауы

ББӘ коды

Бөлінген қаражат, мың теңге

Ескертпе

1

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін орындау және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

452-001

22 979,0

 

2

Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу

452-012

7 740,0

 

3

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша қызмет көрсету

452-013

28 826,0

 

 

Жарияланған күні

03 наурыз 2021

Жаңарту күні

03 наурыз 2021

Қызмет бағыты