2021-2023 жылдарға арналған «Ақтөбе облысыОйыл аудан әкімінің аппараты» ММ азаматтық бюджеті

2021-2023 жылдарға арналған «Ақтөбе облысыОйыл аудан әкімінің аппараты» ММ азаматтық бюджеті

«Ақтөбе облысы Ойыл ауданәкімінің аппараты» ММ 1999 жылы 09 акпанда Қазақстан Республикасының әділет Министрлігімен тіркелді.

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 19 (әкім -1, орынбаса -2, аппарат басшысы – 1, бөлім басшылары – 6, бас маман – 7,жетекші маман- 2).

Штаттан тыс қызметшілер саны – 33,5(қызметтік автокөлік жүргізушісі-4, электрик – 1, жұмысшы – 3,5, өрт сөндіруші – 14, хатшы – 2, әскери есепші – 1, оператор – 2,  еден жуушы-4). 1 полотер 0,5-гардеровщик

Қараой ауылдық округ әкімінін аппаратының  2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №480 шешіміне сәйкес бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9  бабына сәйкес:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917  теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.

 

№

Шығындардың атауы

ББӘ коды

Бөлінген қаражат, мың теңге

Ескертпе

1

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

122001

92022,0

Мекемені қаржылай қамтамасыз етуге

2

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

122005

3458,0

Әскери іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету

3

Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

122006

7152,0

Аудан көлемінде төтенше жағдайарға арналған іс шараларды қаржылай қамтамасыз ету

4

Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар

122007

12540,0

Аудан көлемінде өртке қарсы қызметтерді қаржылай қамтамасыз ету

Жарияланған күні

27 қаңтар 2021

Жаңарту күні

27 қаңтар 2021

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты