2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық бюджеті

     2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық бюджеті

Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудан әкімдігінің 2019 жылғы 08 қазандағы №170 қаулысына сәйкес құрылды.

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 47 (директор-1, есепші- 1, меңгеруші – 1, кітапханашы-21, библиограф-1, әдіскер-2, эл.каталог редакторы-1, редактор-1, бағдарламашы-4, жүргізуші-1, жұмысшы-1, тазалықшы-3, электрик-1, күзетші-8 ).

Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №467 шешіміне сәйкес бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9  бабына сәйкес:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917  теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.

 

№

Шығындардың атауы

ББӘ коды

Бөлінген қаражат, мың теңге

Ескертпе

1

Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі

478007

80 143,0

 

2

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

478008

358,0

мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту мәдени іс-шаралар өткізу



Жарияланған күні

27 қаңтар 2021

Жаңарту күні

27 қаңтар 2021

Қызмет бағыты