АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС

АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС

 

Адам саудасының мақсаты

  • жезөкшелікпен айналысуға тарту, жыныстық қанау;
  • мәжбүрлі еңбекке пайдалану;
  • қайыршылыққа мәжбүрлеу;
  • заңсыз бала асырап алу;
  • транспланттау үшін адамның ағзалары мен тіндерін алу.

 

Адам судасының белгілері

  • еңбек шартының болмауы, реттелмеген жұмыс кестесі;
  • құжаттарды алып қою, табысын алып қою;
  • қозғалыс еркіндігін шектеу, біреумен қарым-қатынасты бақылау;
  • психологиялық қысым.

 

Қылмыскерлер қолданатын әсер ету әдістері мен тәсілдері

  • алдау арқылы азғырып-көндіру;
  • қарыздық құлдық;
  • бопсалау;
  • физикалық зорлық-зомбылық немесе оны қолдану қаупі;
  • ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру.

 

Мұндай қылмыстың құрбаны болмау үшін

  • өз құжаттарыңызды ешкімге сеніп тапсырмаңыз;
  • шетелде жұмыс істеу, оқу немесе үйлену туралы тартымды ұсыныстардан аулақ болыңыз, сенімді көздер арқылы қабылдаушы тарап туралы ақпаратты тексеріңіз;
  • сапарға байланысты барлық қол қойылатын құжаттарды мұқият оқып шығыңыз;
  • өз құжаттарыңыздың көшірмелерін және шетелде орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты жақындарыңызға қалдырыңыз;
  • сіз баратын елдегі ҚР дипломатиялық өкілдігінің байланыс деректерін нақтылаңыз.

 

* Егер осындай жағдайға тап болсаңыз немесе осындай ақпараттар болған  жағдайда 102 немесе 2-18-98 нөмеріне хабарласыңыз.  

 

 

    Ойыл ауданының прокуратурасы

Жарияланған күні

15 маусым 2023

Жаңарту күні

15 маусым 2023

Жарияланымның авторы