Ойыл ауданының Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2025 жылғы 9 сәуір № 6 Ойыл ауылы
|
Ойыл ауданының Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының 1-тармағы,
1-тармақшасына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалсын:
- Ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 10 сәуірінен басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылдың 22 сәуірі күнгі сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 27 сәуір күнгі сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы аумақтық сайлау комиссиясының интернет - бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Бисекенов
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Н.Кенжебеков |
|
48
09 сәуір 2025 10:48
09 сәуір 2025