Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 25 желтоқсан № 18 Ойыл ауылы
Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы
ауылдық округтер әкімдерін сайлау
жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4)тармағына және 22 бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
1) Ойыл ауылдық округінің шекараларында - Ойыл сайлау округі.
2) Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің шекараларында – Ш.Берсиев атындағы сайлау округі;
- Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Ойыл аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы: Б.Бисекенов
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы: Н.Кенжебеков
10
25 желтоқсан 2024 12:54
25 желтоқсан 2024