Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 25 желтоқсан № 17 Ойыл ауылы
|
Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының 1-тармағы,
1-тармақшасына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 2 ақпанға тағайындалсын:
- Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 26 желтоқсанынан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылдың 7 қантары күнгі сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 12 қаңтар күнгі сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Бисекенов
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Н.Кенжебеков |
|
17
25 желтоқсан 2024 12:51
25 желтоқсан 2024