Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
жөніндегі аймақтық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
- Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
- Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны аудан әкімі басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары аудан әкімінің лауазымы бойынша орынбасары, хатшысы – аудан әкімі аппаратының қызметкері болып табылады.
Комиссия құрамына лауазымы бойынша Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы; Ойыл ауданының прокуроры, Ойыл аудандық полиция бөлімінің басшысы, Ойыл аудандық кірістер басқармасының басшысы, Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы кіреді. Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.
- Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері
- Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;
3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау.
- Комиссия өз құзыреті шегінде:
1) жергілікті органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға;
3) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;
4) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге.
8