Учаскелік референдум комиссиясы мүшесі мiндетiнен босату туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 30 қыркүйек № 13 Ойыл ауылы
Учаскелік референдум комиссиясы
мүшесі мiндетiнен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) және 3) тармақшасына сәйкес және учаскелік референдум комиссиясы мүшесінің өз өтінішінің негізінде Ойыл аудандық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Өз өтінішінің негізінде Бөрекеш Нұршат Жұматұлы әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағынан қоныс аударуына байланысты № 408 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі міндетінен 2024 жылдың
30 қыркүйегінен бастап босатылсын.
- Осы қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жолдансын.
- Осы қаулы Ойыл аудандық аумақтық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б.Т.Бисекенов
Хатшы Н.Б.Кенжебеков
13