Ойыл ауданының Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 3 сәуір № 11 Ойыл ауылы
Ойыл ауданының Сарбие, Қараой, Қайыңды
ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4)тармағына және 22 бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:
1) Сарбие ауылдық округінің шекараларында - Сарбие сайлау округі;
2) Қараой ауылдық округінің шекараларында - Қараой сайлау округі;
3) Қайыңды ауылдық округінің шекараларында - Қайыңды сайлау округі;
- Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Ойыл аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы: Б.Т.Бисекенов
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы: Н.Б.Кенжебеков
14
03 сәуір 2024 13:13
03 сәуір 2024