Ойыл ауданының Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 3 сәуір № 10 Ойыл ауылы
|
Ойыл ауданының Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының 1-тармағы,
1 және 3 тармақшасына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 12 мамырға тағайындалсын:
- Ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың
3 сәуірінен басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы
16 сәуірде сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 21 сәуірде сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Т.Бисекенов
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Н.Б.Кенжебеков |
29
03 сәуір 2024 13:04
03 сәуір 2024