Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 30 наурыз № 8 Ойыл ауылы
Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық
округі әкімінің өкілеттігін тоқтатуға
әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасының 23.01.2001 ж. «Қазақстан Республика-сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
№ 148 Заңының 36 бабының 5 тармағының 6 тармақшасын және 6 тармағын басшылыққа алып Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
- Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімі Ырғызбай Төлеуұлы Қосдаулетовтің 2024 жылғы 29 наурыздағы өтініші негізінде оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімі Ырғызбай Төлеуұлы Қосдаулетовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Ойыл ауданының әкіміне енгізілсін.
Комиссия төрағасы: Б.Т.Бисекенов
Комиссия хатшысы: Н.Б.Кенжебеков
9