№ 8 бірмандатты сайлау округі бойынша Ойыл аудандық мәслихатының депутаты А.Т.Зулкарнаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 17 қаңтар № 1 Ойыл ауылы
№ 8 бірмандатты сайлау округі бойынша
Ойыл аудандық мәслихатының депутаты
А.Т.Зулкарнаеваның өкілеттігін тоқтатуға
әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасының 23.01.2001 ж. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 20 бабының 3 тармағының 7,8 тармақтарын және 4 тармағын басшылыққа алып Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
- № 8 бірмандатты сайлау округі бойынша Ойыл аудандық мәслихатының депутаты Зулкарнаева Алмагул Талапкалиенаның ауданның әкімшілік-аумақтық бірлігінің шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты және 2024 жылғы 16 қаңтардағы өтініші негізінде оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- № 8 бірмандатты сайлау округі бойынша Ойыл аудандық мәслихатының депутаты Зулкарнаева Алмагул Талапкалиенаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Ойыл аудандық мәслихатына енгізілсін.
Төраға: Б.Бисекенов
Хатшы: Н.Кенжебеков
9