2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылдың 5 қарашасында Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 9470 азамат енгізілді. Дауыс беруге 7034 сайлаушы, оның ішінде: есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс тыс - 127 қатысты.
Кандидаттың жалпы саны - 3.
Ойыл ауданы әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Алдияр Арсланбек Алдиярұлы үшін сайлаушылардың 943 дауысы берілді,
Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы үшін сайлаушылардың 3742 дауысы берілді,
Сұлтанов Айбек Өтегенұлы үшін сайлаушылардың 2154 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 140.
Сайлау қортындысымен Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы сайланды, 1962 жылы туған, Ойыл ауданының әкімі, Ойыл ауданы Ойыл ауылында тұрады.
Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
48
06 қараша 2023 09:27
06 қараша 2023